Жалған атты синдромымен қалай күресуге және өз қабілетін табуға болатындығы туралы кәсіпкерлердің шынайы оқиғалары
#Жалған атты синдромы дегеніміз не?
Жалған атты синдромы-адам өзінің жетістіктерін өзінің қасиеттеріне, қабілеттері мен күш-жігеріне байланыстыра алмайтын психологиялық құбылыс. Психолог Жанна Сафиуллина бұл жағдайда барлық дәлелдерге қарамастан, адамдар басқаларды алдап немесе адастырып жатырмын деп есептеп, қол жеткізген жетістікке лайық емес деп түсіндіреді. Ал олардың табысқа жетуінің себебі – сәттілік, сәйкестік, кездейсоқтық және т. б. Олардың алдаулары бір күні әшкереленіп, айналасындағылар олардың шын мәнінде кім екенін және олар көрінгендей сауатты емес екенін біледі.
«Әрине, «жалған атты синдромы» – бұл толық сенімсіздік емес, тұрақты шиеленіс, адамның өз қабілетіне, білімі мен дағдыларына деген сенім мен күмән арасындағы тепе-теңдік», - дейді психолог.
Неліктен бұл синдром қауіпті? Осыған байланысты ішкі блоктар яғни адамның кәсіби өсуіне және жеке дамуына кедергі келтіретін шектеулер пайда болады.
Бұл синдромның көрінуінің ең қиын жағдайларында адам өз бетімен жеңе алмайтын ауыр мазасыздықты бастан кешіруі мүмкін. Сонымен бірге, депрессиялық күйдің даму қаупі бар.
#Жалған атты синдромы-жеке өсу синдромы?
Алена Габ-маркетолог және Қазақстандағы алғашқы кір жуу орнының негізін қалаушы. Қазір оның ШОБ өкілдеріне арналған маркетингтік бутик-агенттігі бар. Алена Габ маркетинг және коммуникациямен бес жыл айналысып жатқанын және осы уақыт ішінде үлкен тәжірибе жинақтағанын айтты.
Бойжеткен бір сәтте жалған аттылық синдромымен бетпе-бет келгенін мойындады - ол қаржылық және кәсіби тұрғыдан кедергіге тап болды.
«Шағын бюджеттермен жұмыс істегенде, сіз кәсіби және қаржылық тұрғыдан өсе алмайсыз. Біраз уақыт бойы біз бұл кедергіге қарсы күрестік және дамудың бірнеше нұсқасы болды. Біріншіден, мен SMM (Әлеуметтік медиа маркетингі ) бойынша курсқа қатысқым келді, бірақ мен жалған аттылық синдромға байланысты тартындым. Өйткені, Интернетте SMM және маркетинг туралы көпшілікке қолжетімді ақпарат көп. Содан кейін, жалқау емес барлық адамдар SMM бойынша курстар жасайды. Сонымен қатар, мен сабақ бере алатынымды, оған моральдық құқығым бар – жоғын білмедім», - дейді кәсіпкер.
Бірақ, бір күні Алена Габ жалған аттылық синдромын жеке өсу синдромына өзгерту керек деген тіркесті естіп және оған осы ой қатты ұнады.
«Егер жалған аттылық синдром болмаса, мен бұл курсқа қалай болса да жазылатын едім, бірақ синдром маған мұны істеуге мүмкіндік бермеді. Мен тереңірек қазып, мұғалім ретіндегі ерекшелігім неде және мен нәтиже бере алатын болсам, адамдар неге менен сатып алуы керек деп ойлай бастадым », - деп түсіндірді ол.
Курстың құрылымын жазу үшін Аленаға бір жылдай уақыт қажет болды, сонымен қатар ол үнемі емес, мерзімді түрде жазды: ол бір жерден ақпаратты тапты, кейбір мақалаларды кездестіріп оны курсқа енгізді.
«Менде фриланс, SMM туралы айтатын YouTube арнам бар. Менің бейне роликтерім тегін , қолжетімді және көп қаралымға ие болды. Содан кейін адамдар маған курсты жазуымды сұрай бастады.Яғни, мен жалған аттылық синдроммен психологиялық тұрғыда күресумен қатар, YouTube арнасы сияқты маңызды нәрселерді де жасадым. Менің арнам адамдарға ұнайтынын, бірдеңе айта алатынымды және арнаны қызықты етіп жасайтынымды тексердім. Бұл сынақ қызықты болып шықты, мен құрылымды жазып бітірдім және мен жай ғана шағын хабарландыру жасап, оған сұрау салған адамдарды сынап көремін деп шештім. Мен курсқа қабылдау туралы ақпаратты инстраграмдағы stories –ке жібердім, адамдар бірден жауап берді. Адамдар курстан өтпей қалса, бұл менің кінәм, не жауып тастаймын, не қайта жасаймын деген ойлар болды. Бірақ сегіз адам курсты сәтті үйренді», - дейді Алена Габ.
#Жалған аттылық синдромын қалай жеңуге болады?
«Мысалы, егер сіз курсты жазғыңыз келсе, алдымен ең төменгі өміршең өнімді жасауыңыз керек, бірнеше адамды жинап, қарапайым құрылым жасаңыз және адамдарға қызықты ма тексеріңіз. Немесе бірнеше бейне роликтерді тегін көрсетіп, адамдардан шынайы пікірлер сұраңыз », - дейді Алена Габ.
Курстардан кейін, Алена мен оның күйеуі өз бизнесі туралы ойлана бастады, ұзақ уақыт бойы олар өз бағыттарын таңдай алмады. Бұл жерде жалған аттылық синдромнан басқа, кәсіби қорқыныш та болды, деп еске алады.
«Ақыр соңында, маркетинг және сату жөніндегі кеңесшілер жобаны алға жылжытып, оның сатылымы мен танылуын арттыруы керек. Сіз жобаны бастаған кезде, барлық назар соған аударылатынын түсінесіз, өйткені бәрі сіздің жеке бизнесіңізді алға қарай дамыта алатыныңызды бәрі көреді», - деді ол. Егер сіз бизнеспен айналысқыңыз келсе, онымен айналысатын себептерді түсінуіңіз керек.
«Бизнес мен үшін маркетингтік стратегияның қалай дамитыны, қандай бюджет қажет болатыны және оны қайда инвестициялайтындығы туралы шешім қабылдайтын орын болды. Мен бұл процесті іштей де, сырттай да басқара аламын. Бұл менің неліктен бизнеспен айналысқым келеді деген сұраққа жауабым. Егер сіз өзіңіздің жеке бизнесіңізді бастау керек пе, жоқ па деп сенімсіз болсаңыз, бизнес идеясының өзі сізді қызықтырады ма түсінуіңіз керек », - деді ол.
Алена Габ осы екі жағдайдан мынадай қорытынды жасады: Мәселеге әлеуметтік желіде салқын аудиторияны біртіндеп тарту әдісі тәсілімен келу керек. Мәселе немесе тапсырма болған кезде, оған бірден жүгірудің қажеті жоқ. Энергияныз таусылуы мүмкін, сіз табысқа жете алмайсыз, ресурстар жеткіліксіз. Тапсырмаға біртіндеп, мұқият қарау керек, әрбір қадамды мағыналы ету керек.
«Кейде біз өзіміздің кім екенімізге қатты тоқталып, өзімізге қандай да бір анықтама беруге тырысамыз. Алғашында курсты оқып, бірінші жобаны қабылдағанда өзімді SMM маманы деп айтуға ұялдым. Содан өзімді маркетолог деп айтуға қорықтым. Енді анда-санда өзімді кәсіпкермін деп айтуға батылым бармайды. Бұл ұғымдарға көңіл аудармай, олар туралы ойламау үшін олардан алыстап, адамдарға көмектесетін жұмысты жасау керек. Егер сіз қандай да бір саладағы адамдарға көмектесе алсаңыз, оны жасаңыз, тұжырымдамалар туралы ойламаңыз. Адамдардың өздері сізге қандай да бір анықтама бергенде, сіз кім екеніңізді түсіне аласыз », - дейді Алена Габ.
#Жалған атты синдромы қандай жағдайларда пайдалы болуы мүмкін
Мерей Мұстафинаның кәсіппен айналысқанына 10 жылдан асты. Ол нетворкинг және көшбасшылық сарапшысы. Соңғы үш жылда ол әйелдер кәсіпкерлігінде көшбасшылық пен даму жүйесін құруда.
«Бір жағынан, менде жалған атты синдромы жоқ деп айта аламын, өйткені өзім барлық жобаларды нөлден бастадым және оларға барлық ынтамды салдым. Екінші жағынан, өзімді кейбір салаларда – нетворкинг, көшбасшылық, әйелдер кәсіпкерлігі бойынша сарапшы ретінде қабылдауға көп уақыт қажет болды. Ұзақ уақыт бойы мен мұны жоққа шығардым, өйткені мен мұны соншалықты терең білетінімді сезінбедім. Осыған байланысты жалған атты синдромы болды және менде ол мезгіл-мезгіл болады », - дейді ол.
Мұстафина Даннинг-Крюгер эффектісін де атап өтті. Бұл біліктілігі төмен адамдар өздерінің біліктіліктері туралы түсінбестен қате қорытынды жасауға бейім болатын когнитивтік бейімділік. Ал адам қаншалықты кәсіби болса, соғұрлым ол өзінің қаншалықты аз білетінін түсінеді.
«Қазір мен жалған атты синдромы туралы емес, оның әсері туралы айтуға бейіммін. Мен өзім туралы қатты сөздер айтпаймын, біреу мені «әшкерелейтіні» үшін емес, мен әрі қарай оқыған сайын, соғұрлым көп нәрсені үйрену керек екенін түсінемін », - деді ол.
Бір жағынан,жалған атты синдромы жаман, оны жеңу керек, өзіңді барып жариялау керек десе, екінші жағынан қашан, қалай жариялауға болады деген түсінік болуы керек. Мұстафинаның айтуынша, нағыз маман атану үшін кейде 10 мың сағат жұмыс істеп, өз салаңа тереңірек ену керек.
«Мысалы, қазір жалқау адамның өзі оның не екенін түсінбей, өзін жаттықтырушы деп атайды. Иә, бұл бір жағынан үйретіледі, белгілі бір әдістеме бар. Бірақ сабақ беретіндердің өзі жаттықтырушы сөзінің мағынасын ұмытып кеткен. Бұл сізді белгілі бір нәтижелерге дайындайтын жаттықтырушы. Бірақ сонымен бірге оның өзінің де бұл салада нәтижесі болуы керек. Мұнда көптеген адамдар жалған атты синдромынан пайда көреді. 25 жастағы бойжеткен өзін бизнес-жаттықтырушымын деп мәлімдеп,кәсіпкерді белгілі бір дәрежеде жетістікке жетелей аламын деп ойлайды. Мен бұған қатты сын көзбен қараймын және бұл белгілі бір зиянкестік деп ойлаймын. Олар мамандар мен осы салада терең жұмыс істейтіндерге кедергі келтіреді», - деді Мұстафина.
#Психологтың пікірі
Психолог Жанна Сафиуллинаның айтуынша, бұл синдромның себебі перфекционизм, адам санасында «идеалды үлгінің» болуы мүмкін.
«Идеалға жету шындыққа жанаспайды, ал шын мәнінде өмірде идеалды ештеңе жоқ. Ешкім мінсіз емес », - деп қосты ол.
Жалған атты қорқынышы бала кезінен пайда болады және отбасындағы тәрбиенің белгілі бір стиліне өте тәуелді деп саналады. Мысалы, баланың жетістігін ата-анасы кәдімгідей қабылдаса, бала ата-анасы тарапынан жеткілікті мақтау немесе құрметке ие болмайды. Мүмкін, отбасында интеллектуалдық жетістік культі болған және баланы ол сияқты қабылдау, жылулық жеткіліксіз болған шығар. Содан кейін баланың қорқынышы, егер ол үшін маңызды адамдардың үмітін ақтамаса, оны қабылдамайды, айыптайды деп ұзақ уақыт бойы бекітуге болады.
Қалай көмектесуге болады? Когнитивтік психология саласындағы жалған атты синдромын жеңудің ең тиімді әдістерінің бірі.
«Ойлау қателері» деп аталатындарды жеңу керек», автоматты түрде келетін ойларды («Мен қабілетсізмін» және т.б.) байқап, оларды «саналыға» аудару керек. Мысалы: «Құзыреттілік ешқашан абсолютті емес!» Барлығын толық білу мүмкін емес. Мұндай адам табиғатта жоқ», - деп атап өтті психолог.
Оның айтуынша, кәсіби өсу біз жаңа күрделі міндеттерге тап болған кезде ғана мүмкін болады, біз бір нәрсені білмейміз, ол туралы біліп, үйреніп, жаңа білім аламыз.
Өз қателіктеріңізге деген көзқарасыңызды өзгертіңіз. Үлгілерден асып кетіңіз.
Бұл баяндама Америка халқының көмегі арқасында Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын "Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы" аясында дайындалды. MyBusiness.kz ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Америка Құрама Штаттары үкіметінің немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін. USAID әлемдік жетекші халықаралық даму агенттігі және тұрақты дамуға қол жеткізу катализаторы болып табылады. USAID АҚШ ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономикалық өркендеуді арттыру бойынша жұмыс атқарады, америкалықтардың жомартығын көрсетеді әрі тұрақты дамуға үлес қосады.
Дөрекі клиенттермен қарым-қатынас бойынша кәсіпкерлерге арналған амалдар
Команданың өте тиімді жұмыс істеуі үшін кәсіпкерлерге пайдалы кеңестер
Қазақстандағы жұмыс берушілер кадр тапшылығын сезінуде
Назерке Қалидолданың есімі көпшілікке жақсы таныс. Қазір елге оралып, түрлі жоба жасап жүрген Назеркемен еліміздегі ІТ саласының жай-күйін талқыладық.
Ірі отбасылық кәсіптегі стереотиптер мен инженер мамандығы және зауыттардың құрылысы туралы Сұлтан Ілиясовпен сұхбат