Командаға өкілдік етуді және сенуді қалай үйренуге болады?

Команданың өте тиімді жұмыс істеуі үшін кәсіпкерлерге пайдалы кеңестер

    поделиться
Автор: Алиса Иванова 05-11-2021

 

Фото: «fauxels: Pexels»

Міндеттерді сауатты өкілдік ету бизнестің өсуіне және ұжымдағы дұрыс ахуалды қамтамасыз етуге қалай көмектесетіндігі, сондай-ақ басшылардың негізгі қателіктері туралы MEDUZA CONSULTIN ЖШС консалтингтік фирмасының директоры Ирина Лебедева Mybusiness.kz порталына айтып берді.

Оның сөзінше, өкілдік етудің ең негізгі қағидаты – басшы команданың жұмыс істеуіне кедергі жасамауға тиіс.

«Өкілдік етудің мәні – бұл үш күш: басшының компания үшін пайдалы өткізген уақыты, барлық бөлімшелердің тиімділігін арттыру және әр бөлімше қызметкерлерінің қызығушылығын арттыру», - деді ол.

Ирина Лебедева өкілдік етудің күрделілігі - бұл жүйе және ол тәртіпті талап етеді дейді. Ал тәртіп - бұл командада жұмыс істей білу өлшемшарттарының бірі.

#Сеніңіз, бірақ тексеріңіз

Консалтингтік фирма директорының сөзінше басшы қызметкерлеріне сенуді үйренуі керек.

«Яғни, басшы «Мен өзім» сөзін алып тастау керек және жұмыста бәрін өзім қадағалап, бәріне өзім үлгеремін деген болмауы керек»,– деп түсіндірді Лебедева.

Бірақ маман сондай-ақ қызметкерді таңдау кезінде отбасы ойынын ойнаудың және достасудың қажеті жоқ екендігін ескертеді. «Сіз ол адамның үйіне көшіп бармайсыз, оны жұмысқа жалдап отырсыз. Басшының қателігі – бұл мені сәтсіздікке ұшыратады және оны түсінбеді деген үрей мен қорқыныш. Сондай-ақ қойылған міндеттерде дұрыс мағынаның болмауы», – деп айтты ол.

Сондай-ақ, компания үшін команда – бұл табыс әкелетін құрал екенін, ал басшының міндеті – табыс табу үшін жағдай жасау екенін қабылдау маңызды. 

«Командаға 100% сену дұрыс емес. Бұл – бизнес. Себеп: адами факторды ешкім жойған жоқ. Не істеу керек? Жүйеде жұмыс істеу. Мысалы, Bitrix24, CRM және басқа да бағдарламалар», – дейді сарапшы.

Бұдан басқа, процестер мен бір адамға тәуелділік есебінен өз тәуекелдеріңізді азайту керек.

«Мысалы, орындалған жұмыстардың актісіне қол қою үшін компанияға кірген кезде бухгалтерлер отыратын «Олимп тауына» кезігесіз. Олардың кейбіреулері қызметкерлерге еңбекақыны іс жүзінде өз қаражатынан төлейміз деп сенеді. Компания басшысының қателігі неде? Ол компанияға ақшаны команда алып келетіндігін, ал бухгалтерия сол ақшаны жоспарға сәйкес бөлетіндігін түсіндіруге тиіс», - деп атап өтті Ирина Лебедева.

#Бизнесмендерге бес негізгі кеңес

Кәсіпкерлерге консалтингтік фирманың директорынан өкілдік ету жөніндегі кеңестер:

1. Көңіліңіз қалмау үшін таңғалудың қажеті жоқ; 
2. Компания үшін басшы ретінде сіздің не істегіңіз келетіндігіңізді нақты білуіңіз керек. Сонда ғана сіз қызметкерлерден не талап ететініңізді түсінесіз;
3. Мақсаттар шынайы болуға тиіс;
4. Қызметкерлер кейде қателік жасайды. Сіздің басшы ретіндегі міндетіңіз - барлық дағдарыс нүктелерін табу және бизнес процестерді жөнге келтіретін құрал таңдау;
5. Компанияның таяудағы болашағын бір жылға жоспарлау қандай команда сізге қажет екендігін және ол үшін не керек екендігін білдіреді.

Бұл баяндама Америка халқының көмегі арқасында Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын "Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы" аясында дайындалды.

MyBusiness.kz ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Америка Құрама Штаттары үкіметінің немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін. USAID әлемдік жетекші халықаралық даму агенттігі және тұрақты дамуға қол жеткізу катализаторы болып табылады. USAID АҚШ ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономикалық өркендеуді арттыру бойынша жұмыс атқарады, америкалықтардың жомартығын көрсетеді әрі тұрақты дамуға үлес қосады.

КОММЕНТАРИИ
0
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Қазақстанда неліктен кадр тапшылығы орын алды?

Қазақстандағы жұмыс берушілер кадр тапшылығын сезінуде

Google компаниясында жұмыс істеген қазақ қызы қазір қайда жүр?

Назерке Қалидолданың есімі көпшілікке жақсы таныс. Қазір елге оралып, түрлі жоба жасап жүрген Назеркемен еліміздегі ІТ саласының жай-күйін талқыладық.

Әке жолын қуу оңай ма, әлде өз кәсібіңді дөңгелету оңай ма
15-10-2021– Зеріп Қосым

Ірі отбасылық кәсіптегі стереотиптер мен инженер мамандығы және зауыттардың құрылысы туралы Сұлтан Ілиясовпен сұхбат

Алыстағы ағайыннан, жаныңдағы әріптес жақын
14-10-2021– Зеріп Қосым

Қазақстандық компания өз қызметкерлеріне пәтер алып береді, отбасылық демалысқа аттануға қолдау көрсетеді десе, сіз сенер ме едіңіз? 

Эльмира Мусина – батыр ана, кәсіпкер әйел келбеті

Отбасы мен кәсібін қатар дөңгелетіп отырған іскер әйел. 

Адамдарға жылулық беріп табысқа жеткен батыл қыз
27-09-2021– Зеріп Қосым

Осы мақаланың кейіпкері Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласы әйел келбетіне ие екендігін дәлелдейді. 

Подписаться на рассылку
Подписывайтесь на рассылку свежих материалов от нашего сайта и будьте знакомы с интересными людьми нашей страны, а также полезными рекомендациями и лайфхаками!