Адамдарға жылулық беріп табысқа жеткен батыл қыз

Осы мақаланың кейіпкері Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласы әйел келбетіне ие екендігін дәлелдейді. 

    поделиться
Автор: Зеріп Қосым 27-09-2021

 

Сұлулық пен қолайлықты қатар ұштастыра алған қазақ қызы – елордалық Әйгерім Болатова өзінің тоқыма шеберлігінде біршама табысқа жете алды. Кәсіпкер қиындыққа мойымай, сүйікті ісімен айналысып, көп адамға үлгі бола алған, өміріндегі болған бақытсыз жағдайдан кейін өз ісін дөңгелеткен қайсар жан. Жол-көлік апатынан кейін өмірден күдерін үзбеген ол өз күнін ешкімге салмауға уәде берген. Қазір Әйгерім отандық сән индустриясынан экологиялық таза әрі ерекше тоқыма дүниелер өндіретін «Aika Bolatova» брендімен өз орнын тапты.

- Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпте бизнес жүргізу қаншалықты оңай?

- Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпте бизнес жүргізіп, жеке дүкен ашу, әдетте, оңай іс емес. Өйткені, бізде құрал-жабдық өндірілмейді, керек шикізат та жоқ. Барлығы шетелден қымбат бағамен импортталады. Алайда, мен үшін ең күрделісі – коммерциялық үй-жай табу болды, себебі елордада шаршы метрлердің бағасы негізсіз қымбат. Сатып та, жалға алуға да тиімсіз.

Мен бастапқыда тоқыманы бізбен тоқыдым. Арнайы тігін-тоқыма курстарын бітірмегенмін, өзім кітаптардан, YouTube-тегі бейнебаяндарды қарап үйрендім. Алғашқы өнімім әлі есімде. Желіден сәнді киімдерді қарап отырып, көзім әдемі кардиганға түсті. Ұнатқаным соншалық, өзім үшін тоқып көрейін деп шештім. Құрбым кардиганымды ұнатып қалып, соған сатуымды сұрады. Осылайша, үлкен іс кішкентай әрекеттен басталды.

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпте бизнес жүргізіп, жеке дүкен ашу, әдетте, оңай іс емес

- Сіздің алғашқы сатылған өніміңіз есіңізде ме? Өзіңіздің жеке дүкеніңізді ашу жолы туралы айтып берсеңіз?

- Сатуға тоқыған алғашқы бұйымым Алматы қаласынан келген алғашқы клиентіме бұйырды. Әлі күнге дейін өнімдерімізге тапсырыс береді. Бір қызығы, менің көп клиенттерімді алып келген сол кісі еді. Ауыздан-ауызға тараған жарнама деп осыны айт. Уақыт өте келе алғашқы тоқыма машинасын сатып алдым. Сөйтіп, үйден жұмыс істеп, бұйымдарымды саттым. 

Өндіріс масштабын кеңейту мақсатында арнайы өндірістік машиналарды пайдалануға көштім. Мемлекеттен ақшалай кәсіпкерлік қолдау сұрауға бел будым. Шағын грантқа ие болып, екінші тоқыма және ілмелі тігіс машиналарын сатып алдым. Үш машина мен 400-500 кг иірілген жіп үйімде сақталып тұрды. Өндірістік машиналарды табумен қатар, оларды сатып алу және игеру қажет болды. Күн, түн демей, күрделі кестелер мен оюларды жасауды, оларды басып шығаруды және тігуді үйрендім. Жалпы, бір бұйымды қол машинасымен жасауға екі-үш күн, ал өндірістік машинасымен тоқуға бір күн кетеді. Қазір иелігімізде Жапон, Қытай елдерінде жасалған, құны 1-10 миллион теңге құрайтын тоқыма машиналары бар.

- Өз тобыңыз туралы айтыңыз, қанша адамды жұмыспен қамтамасыз етесіз?

- Қазір командамда мені қоса санағанда бес адам бар, тағы екі адам аламын деп жоспарлап отырмын. Керек адамды табу да оңай емес, өйткені бізде машинамен тоқуды білетін мамандар жоқтың қасы. Сондықтан тоқуды өзіміз үйретеміз. Бұл көп күш пен уақытты қажет етеді.

- 2020 жыл кәсібіңізге қалай әсер етті және қиындықтарды жеңуге не көмектесті?

- 2020 жылғы коронавирустық дағдарыс бізге қатты әсер етті деп айта алмаймын, өйткені біздің Instagram-парақшамыз арқылы онлайн-сату жақсы жүріп тұрды. Біз маусым айына дейін болған локдаун кезінде ғана жабық болдық, қалған уақытта бұйымымызға деген сұраныс жоғары болды. Біз бұрын үнемі сауда орталықтарында өткізілетін жәрмеңкелерге қатысатынбыз. Содан түсетін сату көлемдерін енді Instagram және дүкен арқылы өткізуге тырысып келеміз.

- Импортталған шикізат қолданатыныңызды айтып өттіңіз. Тоқыма жіптеріңіз қай жақтан келеді? Сатып алушыларыңыздың арасында қандай бұйымдар аса көп сұранысқа ие?

- Біздің өнім тек бағалы итальяндық иірілген жіптен тоқылады. Бастапқыда керек-жарақты осындағы дүкендерден сатып алатынмын, алайда тапсырыс көлемі өскендіктен, жіптерді тікелей зауыттардан сатып алатын адам (ағылш.: buyer - байер) арқылы әкеле бастадық. Аталған жіптердің сапасы уақытпен дәлелденген. Олар гипоаллергенді болып келеді.

Жазда ең танымал заттардың қатарына кардигандар, қыста - мохер мен кашемирден жасалған жейделер, сондай-ақ бас және мойын орамалдары кіреді. Менің тұрақты клиенттерім – терісі сезімтал тұтынушылар. Қарапайым дүкен өнімдерін және синтетикалық киімдерді кие алмайды. Сондықтан, біздің меринос жүнінен (меринос қойының табиғи жүні талшықтарының ерекше жұқа болуымен ерекшеленеді) және мохерден жасалған бұйымдарымызды алуға келеді.

Өзіме де, басқаларға да беретін негізгі кеңесім – еш нәрседен қорықпау

- Қандай кеңесті бағалы деп білесіз?

- Өзіме де, басқаларға да беретін негізгі кеңесім – еш нәрседен қорықпау. Әрбір кәсіп иесі бастапқы кезеңде кәсібін кеңейтуге керек әрекеттерге инвестиция салуға жүрексінеді. Оларға айтарым: тәуекелге бел буып, тапсырмаларды бөлісуді үйреніңіз.

- Алдағы жоспарларыңыз қандай?

- Өндіріс сферасының шекаралары жоқ, өйткені жыл сайын жаңа жабдықтар шығады, машиналар негізінен классқа бөлінеді, кейбіреулері жұқа, ал кейбіреулері қалың тоқыма тігістерге арналған. Сондықтан біз масштабты кеңейтуді, жаңа құрал-жабдықтар сатып алуды, сондай-ақ ерлер мен балалар коллекциясын шығаруды жоспарлап отырмыз. Сұраныс бар. Біз географиялық тұрғыдан да кеңеюді жоспарлап отырмыз. Қазір біздің өнімдер серіктестеріміз арқылы Қазақстанның әртүрлі қалаларында ұсынылады. Күз-қыс маусымына қарай – қыркүйек айында тағы екі қалада, сонымен қатар Елордада сауда және ойын-сауық орталығында дүкен ашқым келеді.

 

 

КОММЕНТАРИИ
0
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Мәулен Ахметов: «Менталды ауытқуы бар жандарда өмірге деген құлшыныс жоғары»

Қазақстандағы алғашқы әлеуметтік кафесінің негізін қалаушысымен сұхбаты

Гуля Жакупова: «Психикалық ауытқуы бар адам алдымен қоғамға емес, өзіне қауіп төндіреді»

Әлеуметтік қызметкер өзімен және қоғаммен қалай үйлесімді өмір сүру түсіндіріп берді

Ләйлә Исламова: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар еңбегің мен ақылың екі жақтап»
14-05-2021– Зеріп Қосым

Өскелең ұрпақты білікті етуді мақсат тұтқан қазақ қызының «Сөйле» әлеуметтік жобасы

Ляззат Алшинова: «Кез келген жоба сәтті шығуы үшін тиімді болуы керек!»

Әлеуметтік маңызы бар жобаларды қалай құруға болатындығы туралы әңгіме

Гаджет және бала: пайдасы мен зияны туралы, ата-анаға пайдалы кеңестер

Балаңызды гаджеттердің зиянды әсерінен қалай қорғауға болады

Подписаться на рассылку
Подписывайтесь на рассылку свежих материалов от нашего сайта и будьте знакомы с интересными людьми нашей страны, а также полезными рекомендациями и лайфхаками!