Атыңды таңбала

Тауар таңбасын «™» тіркеудің 5 себебі

    поделиться
Автор: Зеріп Қосым 12-11-2021

 

Мақала «KAZPATENT» қолдауыммен әзірленді

«Менің ең құнды бизнес-активім не?» деген сұраққа әр кәсіпкердің жауап іздеуі заңды. Осы орайда кәсіпкер бизнестегі ең құнды дүние бренд, яғни тауар таңбасы екенін түсініп жатады. Әдетте, тауар таңбасының құны оның атауымен ұсынылатын тауарлар мен қызметтерді жарнамалауға және дамытуға құйған инвестиция көлеміне қарай артады. «Тауар таңбасы» дегеніміз не? Оны қорғау неліктен маңызды? Осы және өзге де сауалдарға бүгінгі мақалада жауап іздеп көреміз.  

«Тауар таңбасы» дегеніміз не?

Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңы 5-бабының 1-тармағына сәйкес тауар таңбасы ретiнде бейнелеу, сөз, әрiп, цифр, көлем белгiлерi және өзге де белгiлер немесе бiр тұлғалардың тауарлары мен қызметтерiн басқа тұлғалардың бiртектес тауарларынан немесе қызметтерiнен ажыратуға мүмкiндiк беретiн олардың аралас үлгiлерi тiркелуi мүмкiн.

Қарапайым тілмен айтсақ, тауар таңбасы – тауарлар мен қызметтерді бір-біріненажырататын белгі. Көп елдерде тіпті жарнамалық ұрандар мен хош иістер де тауар таңбасы болып саналады. 

Тауар таңбасы – тауарлар мен қызметтерді бір-біріненажырататын белг

Тауар таңбалары зияткерлік меншік объектісі ретінде заңмен қорғалады. Тауар белгісін тіркеу туралы куәлік бизнесті бренд-сквоттингтен (ағылшынша brand - бренд, squat - басып алу), сондай-ақ жосықсыз бәсекелестіктен және ықтимал шығындардан қорғауға міндеттеледі. Тауар таңбасы 10 жылға тіркеледі, алайда оны шектеусіз рет ұзартуға болады.

Тауар таңбасын кім тіркейді?

Қазақстанда барлық тауар таңбалардың мемлекеттік тіркеуін              Ұлттық зияткерлік меншік институты (бұдан әрі – KAZPATENT) жүзеге асырады. Аталған ұйымның мәліметінше, 2021 жылдың 1 қазанындағы ақпаратқа сәйкес Қазақстанда тіркелген тауар таңбалардың саны 52 020-ға тең.

Сонымен, тауар таңбасын тіркеудің маңыздылығы қандай?

KAZPATENT мамандары оның 5 себебін келтіреді:

Бірінші. Тауар таңбасын тіркеу үнемді және тиімді. Кәсіп иесіне тауар таңбасын қорғайтын құжатқа тапсырыс беру бренд-сквоттинг жағдайында сот ісін жүргізуден анағұрлым арзанға түседі.

Екінші. Тауар таңбасын тіркеу кәсіп иесіне айрықша құқық береді. Оларға таңбасын келісімшарттық негізде үшінші тұлғалардың пайдалануына беру, тауар белгісіне құқықты үшінші тұлғаға сату (құқығын беру) немесе кепілдікке беру жатады. Сонымен қатар, құқық иеленуші басқаларға тауар таңбасын пайдалануға немесе көшіругетыйым салуға құқылы.

Үшінші. Тауар таңбасын тіркеген кәсіпкер құқықтық қорғауға ие бола алады.Яғни, тіркелген тауар таңбасы заңсыз түрде басқалармен қолданылса, кәсіпкер контрафактті тауарларды тәркілеу, өтемақы сұрау және/немесе залал шығындарын өтеу үшін құқық қорғау және сот органдарына жүгінуіне мүмкіндігі бар.

Төртінші. Тауар белгісін тіркеу туралы куәлігімен жаңа сату нарықтарына шығуға болады. Тауар таңбаларын Қазақстанда да, шетелде де тіркеуге болады. Қазақстан Мадрид жүйесінің мүшесі болып табылады, соған сәйкес тауар таңбасын бір өтінім беріп, баж төлеу арқылы 124 елде тіркеуге болады. Бір қызығы, ірі халықаралық сату платформаларының көпшілігі тауар таңбасын тіркеу куәлігінсіз тауарларды сатуға рұқсат бермейді. Бұл тауардың түпнұсқалығын растау үшін қажет, өйткені дау-дамай туындаған жағдайда, барлық шағымдар ең алдымен сол платформаларға келіп түседі.

Бесінші. Тауар таңбасын тіркеп, өзіңізді күтпеген шағымдардан қорғаңыз. Тауар таңбасын тіркеуге өтінім беру арқылы кәсіпкер өзіне қарсы шағымдардың туындау қаупін азайтады. Өйткені басқа біреудің тауар белгісін абайсызда заңсыз пайдаланып, оның құқығын бұзуы мүмкін.

Нарықтағы бәсекелестік пен тұтынушы үшін күрес жағдайында кәсіпкерлер бренд танымалдылығын арттыруға көп ақша жұмсап, оның қорғалуына тиісті назар аудармай жатады. Сондықтан тауар белгісін дер кезінде тіркеп, болашақта бизнесті болжамды тәуекелдерден қорғау керек.

Бұл баяндама Америка халқының көмегі арқасында Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын "Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы" аясында дайындалды. MyBusiness.kz ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Америка Құрама Штаттары үкіметінің немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.

USAID әлемдік жетекші халықаралық даму агенттігі және тұрақты дамуға қол жеткізу катализаторы болып табылады. USAID АҚШ ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономикалық өркендеуді арттыру бойынша жұмыс атқарады, америкалықтардың жомартығын көрсетеді әрі тұрақты дамуға үлес қосады.

КОММЕНТАРИИ
0
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Командаға өкілдік етуді және сенуді қалай үйренуге болады?

Команданың өте тиімді жұмыс істеуі үшін кәсіпкерлерге пайдалы кеңестер

Қазақстанда неліктен кадр тапшылығы орын алды?

Қазақстандағы жұмыс берушілер кадр тапшылығын сезінуде

Google компаниясында жұмыс істеген қазақ қызы қазір қайда жүр?

Назерке Қалидолданың есімі көпшілікке жақсы таныс. Қазір елге оралып, түрлі жоба жасап жүрген Назеркемен еліміздегі ІТ саласының жай-күйін талқыладық.

Әке жолын қуу оңай ма, әлде өз кәсібіңді дөңгелету оңай ма
15-10-2021– Зеріп Қосым

Ірі отбасылық кәсіптегі стереотиптер мен инженер мамандығы және зауыттардың құрылысы туралы Сұлтан Ілиясовпен сұхбат

Алыстағы ағайыннан, жаныңдағы әріптес жақын
14-10-2021– Зеріп Қосым

Қазақстандық компания өз қызметкерлеріне пәтер алып береді, отбасылық демалысқа аттануға қолдау көрсетеді десе, сіз сенер ме едіңіз? 

Эльмира Мусина – батыр ана, кәсіпкер әйел келбеті

Отбасы мен кәсібін қатар дөңгелетіп отырған іскер әйел. 

Подписаться на рассылку
Подписывайтесь на рассылку свежих материалов от нашего сайта и будьте знакомы с интересными людьми нашей страны, а также полезными рекомендациями и лайфхаками!