PR тек бизнеске қажет деп ойлайсыз ба?

PR-дың негізгі міндеті қандай және ол  мемлекеттік қызметке не үшін қажет?

    поделиться
Автор: Алиса Иванова 10-02-2022

 

Фото: Mikhail Nilov, Tara Winstead, Pavel Danilyuk

PR (қоғаммен байланыс) қоғамдағы брендтің немесе тұлғаның имиджін құруға, сақтауға және мақсатты аудиториямен тығыз қарым-қатынас орнатуға бағытталған. PR-дың негізгі міндеті – аудиториямен байланыс орнату және оған белгілі бір хабарды жеткізу, сонымен қатар қоғам санасында белгілі бір имидж қалыптастыру үшін барлық кедергілерді жою. PR және GR (үкіметпен байланыс) бойынша сарапшы Камила Лұқпанова қаңтар оқиғасы қазақстандық қоғамдастық үшін Саяси PR-дың қажеттілігін көрсеткендігі туралы айтып берді.

Оның айтуынша, PR маркетинг пен жарнамадан бөлек жүреді. Бұл бөлек ғылым. «PR-дың негізгі міндеті-сіздің өніміңізді, компанияңызды немесе қызметіңізді жағымды түрде көрсету, имиджді жақсарту және өнімді немесе қызметті танымал ету. Бұл, сайып келгенде, сізге жаңа тұтынушылар әкеледі және сәйкесінше, кірісті арттырады», - деді Камила Лұқпанова MyBusiness.kz сайтына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, ірі компаниялар үшін бәрі ұзақ мерзімді болуы керек, өйткені PR-ды әртүрлі жолдармен жасауға болады.

«Бұл сіздің өніміңізге, қызметіңізге немесе мақсатыңызға, қандай нәтиже алғыңыз келетініне байланысты өте нәзік жұмыс. Белгілі бір аудиторияға бағытталған жұмыс істей алатын стратегия жасалады. Немесе әлеуетті клиенттердің бірнеше түріне әсер ететін кең ауқымды болады. PR-да әртүрлі құралдар, портфолиолар бар. Мұның бәрі мақсаттарға, міндеттерге, қалаған нәтижеге және бюджетке байланысты», — дейді спикер.

Лұқпанова PR тек компаниялар үшін ғана емес, сонымен қатар көпшілік алдында болғысы келетін адам үшін де маңызды екенін айтты. Бұл адам танылатын және адамдар оған сенетін, оның соңынан еретін және оның тауарларын сатып алатындай жеке брендті жасауға көмектеседі.

#Шенеуніктерге пиар не үшін қажет

Сарапшы соңғы уақытта мемлекеттік PR саласында кеңес берумен айналысатынын және билік өкілдерінің PR рөлін бағаламауды тоқтатуын жақтайтынын атап өтті.

«Сауатты мемлекеттік пиар имиджді және беделді арттырады. Тактика мен стратегияны дұрыс ойластырып, дұрыс іске асыру қажет. Маңызды сәт- сіз сапалы қызмет көрсетуді, шынымен қол жеткізуге болатын міндеттерді алға тартасыз. Нәтижесінде PR бұдан кем емес және ұзақ мерзімді әсер етуі мүмкін. Сауатты PR стратегиясы және оны жүзеге асыру сөзсіз нәтиже береді», - деді Лұқпанова.

Оның атап өтуінше, қаңтар айының басында болған оқиға бизнесте ғана емес, дұрыс қарым-қатынас орнату қажеттігін тағы да дәлелдеп отыр.

«Мемлекеттік PR-дың маңыздылығы жоғары. Бұл мемлекеттік немесе квазимемлекеттік қызметте жұмыс істейтін барлық қызметкерлерге қажет. Дұрыс сөйлей білу, өз ойыңды дұрыс тұжырымдау, элементарлы түрде ойды дұрыс жеткізу. Содан кейін мемлекет атынан спикер ретінде сөйлейтін қызметкерлерді оқыту өте маңызды аспект болып табылады. Оларды не айту керек, қалай айту керек, ыңғайсыз жағдайларда өзін қалай дұрыс ұстау керек, мысалы, ыңғайсыз сұрақтар туындаса, сол сұрақтарға жауап беруді үйрету қажеті. Біз әр түрлі кездейсоқ жағдайларды білеміз, содан кейін бәрі спикерлерге қарсы шығады. Мен өз саласын жақсы білетін көптеген мамандарды білемін, олар сөйлеуді білмейді, бұл олар үшін тек минус», - деді Лұқпанова.

Ол күнделікті жұмыста саяси PR маңызды екенін атап өтті, өйткені бұл аудиториямен тұрақты байланыс болып табылады. Барлық құралдарды шебер пайдаланып, дұрыс коммуникация құру керек.

Сарапшы мемлекеттік қызметкерлердің пиарға қатысты негізгі қателіктерін атады.

• Мысалы, баспасөз конференциялары алдындағы дайындықтың жеткіліксіздігі;

• Тек пресс-релиз немесе есептер тұрғысынан ойлау. Шындығында, сұрақтар мүлдем басқаша болуы мүмкін, журналистер негізгі тақырыпқа шебер байланыстыра алатын жеке сұрақтар қоя алады. Көбінесе мұндай жағдайларда мемлекеттік қызметкерлер сүрініп немесе үнсіз қалады, бұл мүлдем дұрыс емес;

• Дұрыс сөйлей алмау, дауысты, мимиканы, көзді, қолды дұрыс қоя алмау;

• Дресс-кодты сақтамау.

Камила Лұқпанова қаңтарда болған оқиға Саяси PR-ға дайындық керек деген көрсеткіш деп санайды.

«Саяси PR оқытудың ажырамас бөлігіне айналады яғни мемлекеттік қызметкерлер  жұмсақ дағдылар бойынша  мысалы өз ойын дұрыс жеткізу, БАҚ-пен жұмыс істеу, камера алдында өзін ұстау, әлеуметтік желілерді басқару бойынша тренингтер өткізе бастайды деп үміттенемін. Бұл үшін алғышарттар бар, мемлекеттік жоғарғы басшылықта сауатты мамандар пайда болады деп ойлаймын. Бізді жақсы өзгерістер күтіп тұрғанына сенемін», - деп түйіндеді сарапшы.

КОММЕНТАРИИ
0
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Кәсіпкердің пайдалы әдеттері: олар қажет пе?

Әдеттер табысқа жетуге қалай көмектеседі және кәсіпкерге қажет пе

Біз уақытты басқарамыз ба немесе уақыт бізді басқарады ма?

Егер сіз үнемі еш нәрсеге үлгермейтін болсаңыз, онда жоспарлау жайында ойланған дұрыс

Лаура Тлепина: «Болашақ мамандығымды газет оқып отырып тапқанмын»

Ақпарат заманы еңбек нарығында тағы бір мамандықты қалыптастырды

Азамат Оразбек: «Спорт - менің екінші өмірім»

Біздің қоғам он екі мүшесінің бірінде кінәрат бар адамға «мүмкіндігі шектеулі» деген шаблон таңуға асығады

Ертай Сәрсенов: «Жігітке жеті өнерде аз»

Шеберлікті басты кәсібі қылып отырған Ертай әшекей бұйымдарды таңдауда неге мән беру керектігі туралы бөлісті

Подписаться на рассылку
Подписывайтесь на рассылку свежих материалов от нашего сайта и будьте знакомы с интересными людьми нашей страны, а также полезными рекомендациями и лайфхаками!