Азамат Оразбек: «Спорт - менің екінші өмірім»

Біздің қоғам он екі мүшесінің бірінде кінәрат бар адамға «мүмкіндігі шектеулі» деген шаблон таңуға асығады

    поделиться
Автор: Кенже Жомарт 29-01-2022

 

Бәлкім, интернет дамымаған, баяғы жабық қоғам болса, бұл шаблонға көп адам сенер еді. Алайда, ақпараттық шекара ашылып, шексіз хабар алатын қазіргі заманда таң қаларлық жетістікке жеткен талай адам барына қол жеткіздік. Ондай адамдар әлем алдында мотиваторға айналып, көпке үлгі болып жүр. Австралиялық Ник Вуичичті еске алсаңыз, жетеді.

Бүгін біз сондай қазақстандық мотиваторлардың бірі, бала кезінде екі қолын тоқ соғып, ампутация жасалған, алайда, өмірге құштарлығын жоғалтпай, теннис пен суда жүзудің спорт шебері, әнші, үш баланың ардақты әкесі Азамат Оразбекпен сұхбаттастық.

- Азамат, Сіз туралы біраз сұхбаттарды оқып, екі қолыңыздан бала кезіңізде айырғаныңызды білдім. Ойнап жүргенде қарт әженің малын қарап беріп, көмектеспек болып, трансформаторға шыққан екенсіз. Балалық шағыңыз күрт өзгергені анық. Екі қолыңыздың жоқтығынан мазақ еткен балалар болды ма? Сол психологиялық ауыртпалықты қалай жеңдіңіз? Көп жылайтын ба едіңіз?

- Қандай сұхбатта қате кеткенін білмеймін, бірақ, ол адам әже емес, бір қарт кісі еді, сол кісінің малын қараймын деп, мен осындай жағдайға ұшырағамын. Иә, балалық шағымда менен кіші балалардың, болмаса, қатарластарымның, танымайтын балалардың қолын шошайтып, мені көрсетіп жатқанын көрдім, әрине. Бірақ, көбінесе, ондай дүниелерге көңіл бөлмеуге тырысатынмын. Өйткені, мен өзге үшін емес, өзім үшін өмір сүремін ғой. Сондықтан, өзгелер не десе де, қарайлағым келмейді. Аллаға шүкір, тек алға қойған мақсаттарымды ғана ойлап, өстім. Және біреудің сөзін елемей өмір сүруге үйреткен бірінші адам, ол-  менің анам!

Тек алға қойған мақсаттарымды ғана ойлап, өстім

- Отбасыңыз туралы айтыңызшы, ата-анаңыз, бауырларыңыз және әйеліңіз кім? Неше балаңыз бар?

-Үйде үш ағайындымыз. Менен кейін інім мен бір қарындасым бар. Анам менің қолымда тұрады, үйіміздің гүлі. Әйелімнің аты Ажар, Аягөз өңірінің тумасы. Үш баламыз бар – екі қыз, бір ұл. Сондықтан, мен бақыттымын.

- Он екі мүшесі сау кейбір адамдардың өзі «қолымнан түк келмейді» деп «жылай береді». Сіз тіршілікке қалай бейімделдіңіз? Қазіргі зор еңбегіңізді емес, қарапайым дүниелерді, мысалы, тамақ ішіп, киінуді кім үйретті? Бірден өзіңіз тамақ ішіп, өзіңіз киініп кеттіңіз ба? 

- Мен өмірге әбден бейімделгенмін. Тамақты өзім іше аламын, өзім киініп, шешіне аламын. Тек түйме түймелей алмаймын, белбеу тағуда аздап қиналатыным бар. Ал, басқасының бәрін үйренгемін, киім киюден, болмаса, тамақ ішуден қиналып көрмеппін. Жасырмаймын, екі қолымнан айырылған кезде, басында әрине, қиын болды. Анамның берген тамағын жеп жүрдім. Кейін «неге мен тамақты өзім ішіп, талпынып көрмеймін» деген ой келді. Тырыстым, көп тырыса келе, үйреніп кеттім. Көбіне қиналғанымды көрсеткім келмейді. Менің тамақ ішіп отырғаным айналадағы адамдарға ерсі көрінуі мүмкін, кейде маған көмектескілері келіп кетеді. Бірақ, мен өзім істеп үйреніп қалғанмын, ондай адамдарға «көмектеспеңіздер» деймін. Ашығын айтқанда, біреудің маған көмектескенін, «Азамат, істеп берейін» дегенін жаным сүймейді. Бәрін өзім істегім келеді. Егер қандай да бір дүние мүлде қолымнан келмей, қиналып жатсам, өзім көмек сұраймын.

-Протез киесіз бе? Егер протезіңіз жоқ болса, оны алып салдыруды ойлап жүрген жоқсыз ба?

- Мен протез кигемін кезінде. Үлкен демеушілердің қолдауымен Ресейден арнайы жасатып алдырған протезім болған. Өкінішке қарай, мен протезге үйрене алмадым деуге болады, сондықтан, қазір протезсіз жүремін. Себебін ашып айтам, протез кигенмен мен бәрі бір оның көмегімен ештеме істей алмаймын. Протез кисем, өзіңіз айтып отырған киіну, тамақтану сияқты қызметтерді өздігімнен істей алмай қаламын.

Көп адам «жан-жақтысың, қалай үлгеріп жүрсің» деп, таң қалатыны рас

- Болашағыңызды осылай әр саламен байланыстырғыңыз келе ме әлде тұрақты әрі көп табыс көзіне айналдырғыңыз келетін жұмыс бар ма?

- Тұрақты жұмысым жоқ, айтқанымдай, уақытымның көбі спортқа кетеді. Жаттығу бар, жарыстар бар. Ал, бірақ, жұмыс іздесем, өздеріңіз сияқты журналист болғым келіп жүр. Соңғы кезде өзімді журналистика саласынан көргім келіп жүр. Неге шоу немесе бағдарлама жүргізіп байқамасқа? Меніңше, қолымнан келеді.

- Жаңа қазіргі жетістіктеріңіз деп бекер айтқан жоқпын. Білуімше, ән айтасыз, той жүргізесіз, теннис ойнайсыз. Осылардың әрқайсысын қайдан және қалай үйреніп жүрсіз? Көбіне шоу-бизнес жақын ба әлде спортты таңдайсыз ба?

- Көп адам «жан-жақтысың, қалай үлгеріп жүрсің» деп, таң қалатыны рас. Иә, мен ән айтамын. Бір айта кетерлігі, теннистен бөлек, суда жүзе аламын. Суда жүзуден халықаралық спорт шеберімін, үстел теннисінің спорт шеберімін. Егер «шоу-бизнес пе әлде спорт па?» деп таңдау қойса, мен міндетті түрде спортты таңдаймын. Ән айту – бала күнімнің арманы еді. Үлкен сахнаны армандадым.

Дегенмен, өмірімдегі осы дүниелердің бәрі өз орнымен, өз кезегімен келіп жатқандай. Еш өкініш жоқ. Қазір репертуарымда он алтыға жуық ән бар екен. Ал, спорттан ешқашан алыстаған емеспін. Спорт – менің екінші өмірім.

Бұл баяндама Америка халқының көмегі арқасында Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын "Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы" аясында дайындалды. MyBusiness.kz ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Америка Құрама Штаттары үкіметінің немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін. USAID әлемдік жетекші халықаралық даму агенттігі және тұрақты дамуға қол жеткізу катализаторы болып табылады. USAID АҚШ ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономикалық өркендеуді арттыру бойынша жұмыс атқарады, америкалықтардың жомартығын көрсетеді әрі тұрақты дамуға үлес қосады.

КОММЕНТАРИИ
0
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Ертай Сәрсенов: «Жігітке жеті өнерде аз»

Шеберлікті басты кәсібі қылып отырған Ертай әшекей бұйымдарды таңдауда неге мән беру керектігі туралы бөлісті

Күйзелісті қалай жеңуге және әрі қарай жұмыс істеуге болады?
15-02-2022–

Егер Сіздің бизнесіңіз тонаушылардан зардап шеккен болса, күйзелісті қалай жеңуге болады?

Бизнестегі тәуекел: сәтсіздік қорқынышын қалай жеңуге болады?

Тәуекелге баруды және бәрін жоғалтудан қорықпауды қалай үйренуге болады

Подписаться на рассылку
Подписывайтесь на рассылку свежих материалов от нашего сайта и будьте знакомы с интересными людьми нашей страны, а также полезными рекомендациями и лайфхаками!