Лаура Тлепина: «Болашақ мамандығымды газет оқып отырып тапқанмын»

Ақпарат заманы еңбек нарығында тағы бір мамандықты қалыптастырды

    поделиться
Автор: Нұрқанат Бұқабаев 29-01-2022

 

 

Ол ІТ-мамандар. Бұл салада еңбектену үшін ең бастысы, маман үнемі ізденісте болуы шарт. Бүгінгі кейіпкеріміз осы саланың білікті қызметкері, жеке ІТ-компанияға басшылық етіп отырған Лаура Тлепина.

- Өзіңізбен сұхбат сәті келгеніне қуаныштымын. Оқырмандарымыз біле отырсын, жалпы ІТ-салаға қалай келдіңіз? Бала күнгі арманыңыз ба еді?

- Негізі бала кезімнен арманшыл емес едім, көбінде рационалды болдым. Тоғыз жасымнан бастап анашым тауар әкелуге кеткен кезде, сабақтан кейін оның орнына базарда тұрдым, сауда жасадым. Сол кезден бастап алғаш рет ақшамен таныстым.  9-шы сыныпта мамандық таңдау жөнінде ойлана бастаған кезде, үйде жатқан «Вакансия» деген газеттен жалақысы көп жұмыстарды қарап отырып, сол кезде ең жоғары жалақы программистерде болды. Сол сәтте программист боламын деп шештім. Осы күнге дейін өкінген емеспін. Өмірімдегі ең дұрыс қабылдаған шешімдерімнің бірі деп ойлаймын.

- ІТ-саласындағы ең алғашқы және ең сәтсіз жобаңыз қандай?

- 5-ші курста Алматы құрылыс және менеджмент колледжінде (АКСИМ)  оқытушы қызметінде болған кезімде, колледждің web-сайтын жасадым. Мен үшін үлкен жоба болды. Нәтижесі сәтсіз жоба болған емес, алайда  сәтсіз болайын деп қалған жобалар болды: мамандар кетіп калды жобадан, тексерушілер ауысып басқаша талаптар қойылды. Соның салдарынан жоба мерзімі өте ұзап кетті және де күтпеген шығындарға кезіктік. 

- Қазақстандық ІТ-саласына қандай баға берер едіңіз?

- Шетелдерде сапарда болғанымда, міндетті түрде IT-жүйелерін байқап бағалап жүремін. Бүгінгі таңда Қазақстанда ІТ-саласының жеткілікті түрде дамыған – электронды үкімет құрылып, оны іске асыру табысты болғаны сонша, ол әлемдік рейтингтердің ТОП-ына кірді. Кемшіліктерге қарамастан, Қазақстанда ІТ-саласы  жоғары деңгейде дамыған деген баға берер едім. Басты кемшілік: кадр тапшылығы.

- Сіз өзіңіздің тәжірибеңізге сүйеніп, бұл туралы не айтар едіңіз?

- Расымен де өте дұрыс түсінік. Жалақысы да жақсы, ұсыныстар да көп. Басты талап: жеткілікті құзыреттілік, өз-өзіне сенімділік.

Қазақстандық IT-саланың басты кемшілігі – кадр тапшылығы

- Егер біз ІТ-маманның (системный администратор) сәтті мансабының формуласын жасасақ, оған қандай компоненттерді қосар едіңіз?

- Аналитикалық ақылға (аналитический склад ума) ие болу керек: әртүрлі логикалық есептерді шешу, инфрақұрылымның жеке элементтерін біртұтас жүйенің бөлігі ретінде көру және осының негізінде ең дұрыс шешімдерді қабылдай білуі тиіс, soft skills.

- IT саласындағы мамандарды басқаруда қандай ерекшеліктер бар?  IT саласындағы басшы қандай болуы керек?

- Білікті маман тапшылығының салдарынан, маған әр маманның құндылығы өте жоғары. Олардың жұмыс істеуі үшін мотивациялары мықты болу керек. Басқаша оларды ұстай алмайсың.

- Жетістікке жету үшін көп уақыт керек болды ма?  Жұмыста беделді, табысты болудың басты талаптары қандай?

- Белгілі бір деңгейде өз мансабымда нәтиже көрсетуім үшін көп уақыт кеткен жоқ. Ал мақсат,  құмарлық, батылдық, айқындық, сенімділік және тәуекел табыстың басты формуласы деп айтар едім. 

- Қызметіңіз туралы сұрағанда қай жетістіктеріңізді ерекшелеп айтар едіңіз?

- Тапсырыс берушілердің талабын қанағаттандырып, сенімін ақтағаным – менің ең үлкен жетістігім.

- Сіздің компанияңыз мемлекеттік ұйымдардың кибер-қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін естідік. Құпия болмаса, қандай мекемелердің қауіпсіздігіне жауап бересіздер? Ол үшін қанша маманды жұмылдырасыз? Олардың барлығының ІТ-саласындағы арнайы білімі бар ма?

- Компанияларды айта алмаймын. Жалпы бір компанияға 2-3 адам бөлінеді. Барлығының  ІТ-саласындағы арнайы білімі жоқ.

- Қазақстанда ІТ-мамандарды дайындайтын оқу орындарының деңгейі жақсы ма, әлде шетелде оқыған дұрыс па?

- Бізде мықты оқытушылар бар, білікті және құзіреттілігі жоғары. Білім беру бағдарламасын өзгерту керек. Сабақтың теориялық бөлігіне жұмсалатын сағаттың барлығын практикалық бөлігіне ауыстырылуы тиіс деп ойлаймын. Жоғары оқу орындарына мұғалім-оқытушы ретінде  практик мамандарды тарту керек. Оқытушылар шетелге кетіп қалмау үшін, жалақысын көбейту керек.  Болашақ білікті ІТ-маман құлақпен естіп емес, көзбен көріп жұмыс істегені абзал. Астана IT-университеті мені жұмысқа тартқысы келді, алайда жалақысы қанағаттандырмағасын ұсынысын қабылдамадым.

ІТ-маман болу үшін төрт жыл оқып, диплом алудың қажеті жоқ

- Бұл сала мамандарын даярлауға мемлекеттен жеткілікті деңгейде грант бөліне ме, жалпы қолдау бар ма?

- IT маман болу үшін 4 жыл оқып, арнайы білімнің, яғни жоғары білім жөнінде диломның қажеті жоқ. Жұмысқа алатын кезде, мен үшін функционалдық қызметтерін орындай білсе жеткілікті. Бюрократияны доғару қажет. Профессионалды IT курстарды (Cisco, COBIT, CISA, CISM, т.б.)жақсы меңгерсе, жеткілікті. Жаңа буынның білікті кадрларын даярлау қажет.

- ІТ-саласында қызмет еткісі келетін, ең бастысы осы мансапты таңдағысы келетін жастарға қандай кеңес берер едіңіз?

- Кез келген жұмыс өзін-өзі тәрбиелеуге негізделген. Нақты жобаларда жұмыс істеу тәжірибесін алу үшін барлық мүмкіндікті пайдаланыңыз. Тегін немесе аз төлейтін жобалардан бас тартпаңыз. Ақпараттық технологиялар саласындағы жаңалықтарды қадағалаңыз. Арнайы әдебиеттерді, мақалаларды, блогтарды оқыңыз.Ағылшын тілін үйреніңіз. Тренингтерге қатысыңыз. Кәсіби мамандармен байланыста болуға тырысыңыз. SOFT SKILLS-ті меңгеріңіз.

КОММЕНТАРИИ
0
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Азамат Оразбек: «Спорт - менің екінші өмірім»

Біздің қоғам он екі мүшесінің бірінде кінәрат бар адамға «мүмкіндігі шектеулі» деген шаблон таңуға асығады

Ертай Сәрсенов: «Жігітке жеті өнерде аз»

Шеберлікті басты кәсібі қылып отырған Ертай әшекей бұйымдарды таңдауда неге мән беру керектігі туралы бөлісті

Күйзелісті қалай жеңуге және әрі қарай жұмыс істеуге болады?
15-02-2022–

Егер Сіздің бизнесіңіз тонаушылардан зардап шеккен болса, күйзелісті қалай жеңуге болады?

Подписаться на рассылку
Подписывайтесь на рассылку свежих материалов от нашего сайта и будьте знакомы с интересными людьми нашей страны, а также полезными рекомендациями и лайфхаками!