Проблемаларды қалай шешуге болады?
Екінші жыл қатарынан қазақстандық ШОБ өкілдері пандемия кесірінен қиналып отыр. COVID-19 қандай проблемаларды тудыртқанын және кәсіпкерлердің оларды қалай шешіп жатқанын MyBusiness.kz анықтаған.
COVID-19 пандемиясынан туындаған экономикалық дағдарыс көптеген экономиканың салаларына әсер еткендігімен теңдесіз ерекшеленеді.
ШОБ, азық-түлік емес бөлшек сауда, авиация саласы, мұнай және газ, тау-кен өнеркәсібі, тасымалдау секторы, электр энергетикасы және қызмет көрсету сияқты сегменттер мен салалардың қатысушылары өздерін ең осал сезінді.
Бұл ретте экономикалық дағдарыстан ең көп зардап шеккен ШОБ секторы болды. Пандемия салдарынан көптеген бизнес секторлары айтарлықтай зардап шекті және сауда және қызмет көрсету секторлары ең қатты зардап шеккен болатын. Яғни, тасымалдау, туризм, қоғамдық тамақтандыру қызметі, кинотеатрлар мен қонақ үйлер.
Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, пандемияға дейін елде 1,3 миллион шағын және орта кәсіпорындары, оның ішінде жеке кәсіпкерлер тіркелген болды.
Қазақстан экономикасындағы ШОБ үлесі ЖІӨ-нің 30,8 пайызын құрайды және 3,3 миллион адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр, бұл жалпы жұмыспен қамтылған халықтың 37 пайызын құрайды, деп EY компаниясының сайтында айтылған.
Пандемияның бірінші жылында билік бизнесті қолдауға шамамен 300 миллиард теңге бөлді. Негізгі шаралар төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге, ішкі сұранысты ынталандыруға, банкроттық рәсімдерді жеңілдетуге және бизнесті тез әрі кедергісіз қайта бастауға жағдай жасауға бағытталған. Сонымен қатар, несие кепілдіктері, тікелей қолма-қол ақша түсілімдері, бюджеттен тікелей қаржыландыру, жұмысшыларды қысқартқысы келмейтін кәсіпорындарды қаржылай қолдау, онлайнға көшуге арналған тренинг, қызметке тыйым салу немесе шектеулер кезіндегі салықтар мен міндетті төлемдерді алып тастау, несиелер бойынша жеңілдікті мөлшерлемелер оларға кіреді.
Жаңа нарықтарға кіру, сатып алушыларды табу, онлайн-сатуларды арттыру, достар, туыстар мен үкіметтен көмек шағын және орта кәсіпорындарға (өндіріс, сауда, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы) пандемияның жағымсыз салдарын жеңуге көмектесті. Дегенмен сұралған адамдардың үштен бір бөлігі ғана биліктің адекватты қолдау бергенін атап өтті.
Пандемияның ШОБ-ке әсері
EY компанясы сонымен қатар коронавирустың Қазақстандағы ШОБ-ке қалай әсер еткенін зерттеді. Пандемия Қазақстандағы ШОБ-ке, әсіресе, 10 адамнан кем жұмыс істейтін микробизнеске айтарлықтай кері әсер еткені белгілі болды. Шын мәнінде, Қазақстандағы ШОБ екі ірі қалада жоғары шоғырлануымен және 100-ден 250-ге дейінгі қызметкері бар орта кәсіпорындар төмен үлесімен және еңбек өнімділігі төмен салаларда шоғырлануымен сипатталады. Өтімділік проблемаларға байланысты, мемлекет ұсынған шаралардың ішінде ШОБ субъектілерінің көпшілігі салық төлеуді кейінге шегеруді, еңбекке ақы төлеу қорына салық және жарнадан босатуды, сонымен қатар қаржы мекемелерінде қарыз бойынша төлемдерін тоқтатуды пайдаланды. Респонденттердің 15%-ға жуығы мемлекеттік қолдау шаралары олардың қызмет саласын қамтымайтындығынан оларды пайдалана ала алмағандығын айтты. Қол жетімді ақпараттың жоқтығы, бюрократия, немқұрайлылық және мемлекеттік қолдау операторларының тиісті қолдауының болмауы сияқты көмек алу кезінде кездескен әртүрлі кедергілерді сауалнамаға қатысушылардың жартысынан көбі (51%) атап өтті.
Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасының басшысы Айтуар Қошмамбетов пандемияның артықшылықтарын атады: онлайн сауданың айтарлықтай өсуі және B2C арналары арқылы сатылымның артуы.
«Кәсіпкерлік қызметтерді цифрландырудың қиындықтары бизнес үшін цифрлық экожүйені құруға әкелгенін атап өткім келеді. Еліміздегі интернет-дүкендердің 60%-ға жуығы (Қазақстан Республикасында – 1,5 мың. Алматы – 970) Алматыда жұмыс істейді, олардың үлесіне барлық онлайн-сауда мен қызметтердің 71%-дан астамы тиесілі. Онлайнға толыққанды өтуге кедергілер де бар. Оларға – көлеңкелі экономиканың жоғары үлесі, банкаралық төлемдер мен эквайринг бойынша комиссияның жоғарылығы, шағын орта кәсіпорындардың дайын еместігі, тауарды уақтылы жеткізбеу жатады», - деді ол.
Кәсіпкерлер пандемиямен қалай күресті
«Қала жабылған кезде мемлекеттің тапсырысы бойынша біз тіпті негізгі мамандығы құрылысшылар мен әртүрлі жұмыстағы адамдарды жедел оқыту алаңдарын жасадық. Құрылыс тоқтап қалмас үшін жұмыс орындарын ашу керек болды. Жұмыссыз қалғандарды құрылысшылар ретінде алып, оларды қайта оқытты. Біздің мақсатымыз аз уақыт аралығында оқу орталығын құру еді, өйткені осының бәрі қанша уақытқа созылатынын ешкім білмеді. Барлығын өз күшімізбен жасадық, әкімдіктің қолдауына қарамастан, бір де бір техникалық оқыту орталығын да басқаруға ала алмадық. Тәжірибе жинап, біздің компанияда біліктілігі төмен жұмыс орындарына «жылдам» кадрларды өз күшімізбен тартқанымыз дұрыс екенін түсіндік, өйткені еңбек биржасында база ескірген ал біз тапқандар мұндай жұмысқа қызығушылық танытпады. Сауда орталықтарындағы қызметкерлерге көп көңіл бөлінді. 2200 қызметкеріміз қаламен байланыссыз қалды, олар не жұмыстан шығуға, не вахталық әдіспен, өтуге берілетін арнайы қағаз арқылы арнайы автобустармен жүруге мәжбүр болды және осының бәрі іске астатындығында кепілдік болған жоқ. Нәтижесінде қала әкімдігінің қолдауымен екі қонақүй, санаторий және қызметкерлерге арналған бір ғана жатақхананы жалға алдық. Жұмысқа шыққандарға 50 пайыз жәрдемақы төленді. Қаланы жабу кезіндегі қосымша шығындар айына 1 миллион долларды құрады», - деді Magnum Cash & Carry төрағасы Азамат Османов.
«Ұйымның мақсаты – біз адамдарға премиум сегменттің сұраныстарына сәйкес келетін денсаулықты алу мүмкіндігін береміз. Бізде фитнес-қызметтердің кең спектрі бар, пандемияға байланысты біз оны кеңейттік, қызмет көрсету мен сапаны жақсарттық. Пандемияның алғашқы күндерінен бастап біз барлық қазақстандықтар үшін бейнесабақтарды көрсете бастадық. COVID-19 ауруының бірінші толқыны басталғанда, сауығып кеткен адамдарға қалпына келу қажет болды. Біз оңаллуға арналған көптеген бейнебағдарламаларды жазып алдық, тек физикалық ғана емес, сонымен қатар психологиялық. Оларды Денсаулықсақтау министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, қоршаған ортаға және өз өміріне деген көзқарас телеарнасы репост жасай бастады. Соңғы уақытқа дейін сұранысқа ие, ал қазір Kazsport. Өз басым Business FM радиостанциясында спорт және спортқа қатысты барлық нәрсе, соның ішінде спорт саласындағы бизнес туралы хабарды көптен бері беріп келемін», - дейді World Class Almaty жетекшісі Уәлихан Тен.
Дағдарыс кезінде ақшаны қалай басқаруға болады
COVID-19 компанияларды жергілікті және әлемдік қаржы нарығының ағымдағы реалияға бейімделуге дайындығы тұрғысынан агрессивті стресс-тестілеуден өткізді, дейді Қазақстан және Орталық Азиядағы KPMG қаржы және қазынашылықты басқару тобының кіші менеджері Алмаз Дюсенгалиев, дағдарыс жағдайында ақшаны қалай дұрыс басқару керектігін айтады:
• Ақшаның түсуі мен шығуына бақылауды күшейту және тиісті KPI енгізу.
• Қысқа мерзімді және орта мерзімді ақша ағындарын болжау құралын әзірлеу және енгізу, оның ішінде үздіксіз жаңарып тұратын болжамды пайдалану.
• Арнайы басқару органын (комитет) құру арқылы қаражатты дұрыс басқаруды қамтамасыз ету.
• Ақшаны ұлғайту немесе сақтау үшін «жылдам ұтыстарды» анықтау және енгізу.
• Дағдарыс/пандемия дамуының қалыптасқан жағдайларына негізделген компанияның өтімділігін қамтамасыз етудің қысқа мерзімді стратегияларын әзірлеу.
Бұл баяндама Америка халқының көмегі арқасында Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын "Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы" аясында дайындалды. MyBusiness.kz ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Америка Құрама Штаттары үкіметінің немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін. USAID әлемдік жетекші халықаралық даму агенттігі және тұрақты дамуға қол жеткізу катализаторы болып табылады. USAID АҚШ ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономикалық өркендеуді арттыру бойынша жұмыс атқарады, америкалықтардың жомартығын көрсетеді әрі тұрақты дамуға үлес қосады.
Неліктен кәсіпкерлер өз командасынан алаяқтарды жазаламайды?
Мақсатты аудитория: оны қалай анықтауға болады және онымен қалай жұмыс істеу керек