Ләйла Нұрманова: Қаржы пирамидасына ұрынып қалған адамдар саны көбеймесе азаймайды

Заман ағымына қарай қаржы әлемі де күннен күнге өзгеріп отырады

    поделиться
Автор: Нұрлан Нұрыш 20-04-2022

 

Дұрыс бағдарлану, өз қаражатыңызды тиімді басқару үшін қаржылық сауаттылық деңгейіңізді үнемі көтеріп отыру, сондай-ақ ақпараттық технологиялар мен  құқықтық саладағы білімді толықтырып отыру – уақыт талабы. Ал осы салаларда меңгерген адам қазір сұраныс ие. Ләйла Нұрманова адамның әлеуметтік сатысын биіктетіп, қаржылық сауатын есейлейтін маман иесі. 

- Ләйла ханым, қазір қаржылық сауаттылығымыздың болуы міндетті болып тұр. Қандай ақыл-кеңес айтасыз?

- Қаржылық сауаттылық тек қана әлеуметтің немесе уақыттың сұранысы емес, ол әр адамның өзіне деген талабы болуы қажет. Ақша – жалпыға бірдей құн рөлін атқаратын ерекше тауар. Оның ерекшелігі кез келген тауар құндылығын бойына сыйдыра алады. Ең алдымен, ақшаға деген дұрыс қарым-қатынасты түзуіміз қажет. Бізде ақшаға көзқарас дұрыс емес. Балаға тәрбие беру кезінде «ақша — қолдың кірі», «дүниеқоңыз болып кетіпті» дегендей сөздер көп айтылады. Осы тұста ақшамен қарым-қатынас құру кезінде балаларды алшақтатып алатын секілдіміз. Сондықтан бұл процесс саналы түрде сапалы жүргізілуі керек. Адам өзінің пұлын орнымен, ақыл-парасатымен жұмсай алса, оның несі жаман?! Бауырларыңызға, достарыңызға көмектесе алсаңыз, бұл жақсы емес пе?! Сондықтан біздің азаматтарымыз бай, дәулетті болуға ұмтылуы керек.

-  «Айлық табысым 500 мың теңге, жалғыз өзіме жетпейді» - деп, айтатындардың саны өте көп. Бұл жалғыз адамға көп сомма. Неден қателік жіберіп жатыр. Мысалмен түсіндіріп өтсеңіз?

- Шынымен де, айына 400-500 мың тг табатын адамдар мұндай соммадағы ақшаны дұрыс жаратпайды. Бұл жердегі басты қателік:  ай сайын табыс пен шығындарды есептемеу. Егер адам ай сайын ақшаны неге жұмсап жатқанын білмесе, шығын көбейе береді. Менің қабылдауыма келетін адамдар табыс пен шығындарын білмей жатады. Біл консультация барысында есептеп қарасақ ол өзінің табысын 400 мың тг деп ойлап жүрсе, негізгі табысы 1 млн тг болған оқиғалар да бар. Солай өздеріне аң-таң болып қалады. Жаңадан отбасын құрған жас жұбайларға айтарым бір-бірлерімен сөйлесіп, көбіне ақшаның неге кетіп жатқанын тізіп жазу қажет. Сатып алған заттардың қандай мақсатқа кетіп жатқанын түсініп, артық ақша қалса міндеттті түрде жинап отырыңыз. 

- «Байлықтың формуласы» деген сөз тіркесін түсіндіріп беріңізші? Бұған қалай келу керек?

- Жалпы ақшаның 3 түрлі формуласы бар. Біріншісі - табыс шығындардан аз болса онда  «бакроттық формула» дейміз. Яғни, адам әрдайым несиеге, немесе қарызға кіріп кетіп шыға алмай жатады. Екіншісі - табыс пен шығынның тең болуы. Яғни, адам қанша табыс тапса,  соншалықты қаражат жұмсайды және бұл жерде табыстың аз, әлде көп болғанына қарамастан адам кедейлік формуласына ұшырауы мүмкін. Мысалы, 500 мың табыс алатын адам 500 мыңның барлығын жұмсап алса, ол да кедейлік формуласына жатады. Байлықтың бірден бір формуласы -  ол табыстың шығыннан көп болуы. Яғни, адам шығындарын азайтып, несиеден құтылып, ақшаның артылған бір бөлігін инвестиция жасауға немесе депозитке салып, акциялар алатын болса онда ақша өзінен-өзі көбейе бастайды. 

- Ләйла ханым, адамдар жылдар бойы пәтер, көлік, оқу сынды материалдық құндылықтарды жабу мақсатында еңбектеніп «выгороние» қалпына түсіп қалуы да мүмкін ғой. Кейде адамдар егде жасқа келгенде өздеріне ауру тауып та алады. Баланс сақтап тұру үшін не істеу керек?

- Менің ойымша балансты сақтау үшін шығындарды максималды түрде азайтып «тотальная экономия» принципін ұстанудың қажеті жоқ. Бұл дұрыс емес бағыт. Психологтардың айтуынша адам өмірінде қуанышты, ляззат алатын да сәттер көптеп болуы керек. Міндетті түрде айлығыңыздың 5-7 % бөлігіне жаңа бір мейрамханаға барып тамақтанып немесе өзіңізге ұнайтын зат сатып алыңыз. Мысалы, мен табысымды алған кезде мақсаттарыма бөлек алып қойып, инвестицияға құямын. Ал қалған ақшаға балабақшаға, азық-түлік, дәрігерлерге т.б. қуаныш әкелетін шығындарға жұмсаймын. 

-  «Қаржы жастығын» дұрыс жасау үшін не істеу керек және ол не үшін керек?

- Өте жақсы сұрақ. Себебі, «қаржы жастығы» адамға қауіпсіздік сезімін сыйлайтын құрал деп айтса болады. Жалғыз басты адамға «қаржы жастығы» 3-6 ай шығынына тең болуы қажет. Ал екі адамнан құралатын, отбасы болса онда 6-9 айлық мөлшерлемеде  «қаржы жастығы» тең болуы керек. Ал балалары бар отбасы болса онда «қаржы жастығы» 9-12 айлық шығындардың мөлшерінде болуы қажет. «Қаржы жастығы» ақшаны инвестициялаудың құралы емес, ол тек қана адамды табысы жоқ болып, жұмыссыз қалса барлық шығындарды ақтап алатын қорда сақталып тұрған қаражат. Пандемия кезінде табыссыз отырған отбасыларда осындай жағдайлар өте көп болды. «Қаржы жастығын» керекті жағдайда шешіп алатындай банктерде, депозиттерде сақтау керек.

- Ләйла ханым, елімізде қаржы пирамидасына ұрынып жатқан адамдардың саны күннен-күнге өсуде. Сіздің ойыңызша осылай алданудың себебі неде? Бұған жол бермес үшін не істеу керекпіз?

- Қаржы пирамидасына ұрынып қалған адамдар саны көбеймесе азаймайды. Себебі, адамдардың қаржылық сауаттылығы жоқ болғанына байланысты.  Ақшаға тез қол жеткізем деп, жеңіл түрде ойлайтындықтан  осындай жағдайлар орын алып жатады. Негізі қаржы пирамидасын анықтаудың бірнеше жолдары бар. Мен осы тақырыпта әрдайым сұхбаттарда айтып жатамын. Біріншіден  ақша салатын ұйым, мекеме, компания  ақшаны салып, оған пайыздық мөлшерлемермен табысқа қол жеткізесіз деген ұсыныстар айтылса - заң жүзінде жасалған құжаттарын тексеру қажет. Ол үшін Ұлттық банкттің сайтына кіріп лицензияларын тексерсеңіз болады.  Қазір адамдар да қаржылық сауаттылық әлі де болса төмен.  Проблема қайдан туындайды? Үйде, мектепте бізді қаржылық сауаттылыққа ешкім үйреткен жоқ. Адамдар есейе келе, проблемаға ұрынғаннан кейін ғана қаржылық сауаттылығын арттырғысы келеді. Оны алдын-алу маңызды. 

- Балаларды қаржылық сауаттылыққа үйрету үшін не істеу керек және неше жастан басталу керек?

- Балаларды қаржылық сауаттылыққа үйрету үшін ең біріншіден ата-ананың қаржылық сауаттылығы жоғары болуы қажет. 7-8 жастан бастап балаларды уйретуге болады. Яғни, қалай ақшаны жинақтаудың жолдарын көрсету керек. Мысалы, үйде ақша жәшігінің (копилка) бар болуы маңызды.  Бала өзінің сатып алғысы келетін заттарына осылай мақсат қойып, ақша жинау керек. Өзіне қолжетімді мақсаттардан бастау алу қажет. Ойыншық, кітап болуы мүмкін. Балаға ақша табу үшін еңбектену керектігін айтып жүріңіз.

- Ақшаның да энергиясы бар. Сол энергияны дұрыс қолдану үшін не істеу керек?

- Шын мәнінде ақшаның энергиясы бар. Былай есептейік, сіз ақша болатын болсаңыз онда сіз қандай адамға баратын едіңіз? Қандай адамнан қашатын едіңіз? Қандай адаммен достасатын едіңіз? Осы сұрақтарға ойланып жауап берсеңіз сіз ақшаның қандай адамдарға табыс ретінде баратынына көз жеткізе аласыз. 

КОММЕНТАРИИ
0
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Әлия Асылбекова: «Кәсібі кәдімгі шығармашылық»

Бүгінгі кейіпкеріміз бизнесін табыс көзі емес, шығармашылық деп санайды.

Егер қозғалтқышты ұшу барысында өшірсеңіз, ұшақ құлап қалады
25-03-2022–

Сәтті бизнесті жарнамалауды тоқтатсаңыз, дәл солай болады

Пандемия кезіндегі және одан кейінгі бизнес
24-03-2022–

Проблемаларды қалай шешуге болады?

Қарлығаш Нұғыманова: «Жергілікті жердегі ұрлық сіздің бизнесіңізді қалай бұзуы мүмкін?»
18-03-2022–

Неліктен кәсіпкерлер өз командасынан алаяқтарды жазаламайды?

Өртеніп, қайта тірілу
17-03-2022–

Кәсіпкерлердің cәтсіз оқиғалары

Жалғыздық - cұмдық емес
14-03-2022–

Неліктен кәсіпкер үшін өзіңе үңілу маңызды

Подписаться на рассылку
Подписывайтесь на рассылку свежих материалов от нашего сайта и будьте знакомы с интересными людьми нашей страны, а также полезными рекомендациями и лайфхаками!