Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесті

    поделиться
23-05-2022

 

akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 19-мамыр күні Ақордада кәсіпкерлермен кезекті кездесуін өткізді. Кездесуде бизнестің құқығын қорғау, кәсіпкерлердің жаңа экономикалық саясатты іске асыруға атсалысу, шағын және орта бизнеске жүйелі қолдау көрсету сынды өзекті мәселелерге тоқталды. 

Президенттің айтуынша, өткен жолғы кездесуден кейін елімізде және әлемде бірталай өзгерістер орын алды.

"Өткен жолғы басқосуда өзара пікір алмасып, жаңа ұстанымдарды айқындадық. Бірлесе жұмыс істеудің жолдарын нақтыладық. Мен бірқатар тапсырма бердім. Төрт ай деген аса көп уақыт емес. Бірақ осы аралықта ел ішінде және әлемде талай нәрсе өзгерді. Жаңа Қазақстанды құруға кірістік", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы егер бизнес адал жұмыс істеуге дайын әрі креативті, сондай-ақ заманға сай сұранысқа ие болса, оны қолдау қажет деген тапсырма берді.

Бұдан бөлек президент алдағы референдумда әр азаматтың дауысы айрықша маңызды екенін атап өтті. 

«5 маусымда республикалық референдум өтеді. Ата заңымызға өзгерістер енгізіледі. Халқымыз осындай бетбұрысты кезеңде ел болашағын айқындауға тікелей атсалысатын болады. Жауапты сәтте әр азаматымыздың дауысы айрықша рөл атқарады», - деді мемлекет басшысы.

Президент келешегіміз экономиканың мықты болуына байланысты екенін айтты.

«Түптеп келгенде, келешегіміз экономиканың мықты болуына байланысты. Осы орайда, кәсіпкерлеріміз мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек», - деп толықтырды ел басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынды қорытындылай келе, бүкіл өңірдің әкімдеріне жиын барысында айтылған барлық ескертпелерді назарға алуды және шұғыл шешуді қажет ететін қазіргі міндеттерді бірлесіп атқаруды тапсырды.

КОММЕНТАРИИ
0
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Данияр Қалдыбаев: «Айлыққа ғана қарап отыра алмадым...» 

Бүгінгі кейіпкер тұңғыш бір миллион теңгесін 25 жасында тапты

Әлия Асылбекова: «Кәсібі кәдімгі шығармашылық»

Бүгінгі кейіпкеріміз бизнесін табыс көзі емес, шығармашылық деп санайды.

Егер қозғалтқышты ұшу барысында өшірсеңіз, ұшақ құлап қалады
25-03-2022–

Сәтті бизнесті жарнамалауды тоқтатсаңыз, дәл солай болады

Подписаться на рассылку
Подписывайтесь на рассылку свежих материалов от нашего сайта и будьте знакомы с интересными людьми нашей страны, а также полезными рекомендациями и лайфхаками!