Нұр-Сұлтан қаласында мұсылман қыздарға арналған жабық сән көрсетілімі өтті

    поделиться
08-05-2022

 

7-мамыр күні Нұр-Сұлтанда мұсылман қыздарға арналған дизайнерлік киімдер арасында жабық сән көрсетілімі өтті. Көрсетілімге танымал қонақтар шақырылып, дизайнерлік киімдер көрсетіліп, сыйлықтар ойнатылып, діни сұрақтар қойылған рухани кеш болды. 

Сән көрсетілімінің ұйымдастырушылары – Гаухар Каймульдина мен Айдана Кудуспек.. Көрсетілімге 16 дизайнер қатысып, өздерінің дизайнерлік киімдерімен таныстырды. Әрқайсысы өзінің ерекшелігімен көзге түсіп, қонақтардың ықыласына бөленді. Кеш тематикасы – ақ пен қара түс болды. Қонақтар соған сай  киініп келді. Кеш қонақтары ретінде Мөлдір Әуелбекова, Сара Тоқтамысова сынды танымал тұлғалар шақырылды.

MyBusiness тілшісі шара ұйымдастырушысы Гаухар Каймульдина мен көрсетілім жүргізушісі Айша Садвакасовадан кішігірім сұқбат алған болатын.

- Бүгінгі жабық сән көрсетілім өткізуге сізге не шабыт берді?

Гаухар Каймульдина:

- Мұндай шаралар өткізуіміздің басты мақсаты - мұсылман қыздарға арналған сапалы әрі сәнді киімдер ұсыну болды. Біз бұл арқылы орамалды қыздардың сәнді, стильмен киіне алатынын көрсеткіміз келді. Сондай-ақ осындай көрсетілімдер арқылы қыздардың орамалға қызығушылығын арттырып, орамалға келуіне себепші болу еді. Мұның барлығы қыздарға арналған, өздеріңіз байқағандай ер адамдар болған жоқ. Жалпы біз көшеде бұлай жүрмейміз. Дегенмен орамалды қыздардың осындай талғаммен киініп жүретінін көрсеткіміз келді.

- Сіздің ойыңызша іс-шара қалай өтті? Барлығы сіздер жоспарлағандай болды ма?

Гаухар Каймульдина:

- Барлығы толық біз жоспарлағандай болған жоқ. Себебі жоспар бойынша бізде сапалы жарықтармен шоу бағдарламасы болу керек еді. Дегенмен барлығы жақсы өтті. Бұл біздің екінші көрсетіліміміз. Бірінші көрсетілімде адамдар аз болып, қарапайым түрде өтсе, бұл жолы көптеген қонақтар келіп, жоғары деңгейде өтті деуге болады.

- Бүгінгі көрсетілімге қандай баға бересіз?

Айша Садвакасова:

- Біздің қаламызда мұндай үлкен масштабта мұсылман қыздарға арналған іс-шара әлі болмады. Бұл шараның ұйымдастырушылары – Гаухар Каймульдина мен Айдана Кудуспек. Бұл кісілер бизнес әлеміндегі табысты әйелдер деуге болады. Гаухар Каймульдина бірнеше киім дүкендерін ашқан. Ол 8 жыл бойы осы бағытта жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар, Айдана Кудуспекпен бірге  эстетик брендін қалыптастырды. Бүгін сол брендтің дебюті болды. Барлығы жалпы әдеттегідей мұсылман форматында өтуде, Әлхамдуллилла. Біздегі іс-шарада тек әйел адамдар, ерлер жоқ. Сондықтан қыздар өздерін еркін сезініп жүруіне болады. Бұл біздің екінші іс-шарамыз. Бірінші іс-шараны де Гаухар Каймульдина ұйымдастырған болатын. Нұр-Сұлтанда осындай үлкен іс-шараларды алдағы уақытта Алматы қаласында да ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, Ин Ша Алла. Біз мұсылман қыздары тек үй шаруашылығымен айналысатын әйел ғана емес, өз бизнесін жүргізіп, үйдегі балансты ұстай алатын табысты әйел екендігін көрсеткіміз келеді.

КОММЕНТАРИИ
0
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Данияр Қалдыбаев: «Айлыққа ғана қарап отыра алмадым...» 

Бүгінгі кейіпкер тұңғыш бір миллион теңгесін 25 жасында тапты

Әлия Асылбекова: «Кәсібі кәдімгі шығармашылық»

Бүгінгі кейіпкеріміз бизнесін табыс көзі емес, шығармашылық деп санайды.

Егер қозғалтқышты ұшу барысында өшірсеңіз, ұшақ құлап қалады
25-03-2022–

Сәтті бизнесті жарнамалауды тоқтатсаңыз, дәл солай болады

Пандемия кезіндегі және одан кейінгі бизнес
24-03-2022–

Проблемаларды қалай шешуге болады?

Подписаться на рассылку
Подписывайтесь на рассылку свежих материалов от нашего сайта и будьте знакомы с интересными людьми нашей страны, а также полезными рекомендациями и лайфхаками!