«38. Соңғы нүкте» – 2023 жылғы Семей орманындағы қайғылы оқиғаны негізге ала отырып түсірілген драмалық фильм-катастрофа. 2026 жылдың 3 қыркүйегінен бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетіледі. Фильм қарапайым орман қызметкерінің тағдырын көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысы бойынша түсірілген. Туынды 2023 жылғы Семей орманындағы алапат өрт кезінде қаза тапқан орман қызметкерлерінің рухына арналады.
Фильмнің идея авторы және сценарий авторларының бірі Мақсат Жұмахановтың
сөзінше, ол бастапқыда фильмді түсіру үшін инвесторлар іздегенімен, кейін Мәдениет министрлігі мен қордың қолдауымен фильмді түсіруге қаржы бөлінген. Одан фильм премьерасы қарсаңында сұхбат алып, әңгіме-дүкен құрған едік.
Киноға алғаш рет қаржы салып отырсыз ба? Шешім қабылдауыңызға не түрткі болды?
- Фильм шынайы оқиғаға негізделген. 2023 жылы Семей орманында болған ірі өртте орман шаруашылығының бірқатар қызметкері қаза тапты. Олардың көбін жеке танитынмын. Бұл жағдай маған өте ауыр тиді. Сондықтан орманшылардың жұмысы қаншалықты қиын әрі қауіпті екенін халыққа жеткізіп, көрсету керек деп ойладым. Менің мақсатым – сол азаматтардың еңбегін көрсету және олардың ерлігін халыққа жеткізу. Орман өртін сөндіру кезінде адамдар қандай қауіпке баратынын көпшілік біле бермейді. Сондықтан осы оқиғаны барынша шынайы жеткізуге өз үлесімді қосқым келді.
Киноға бизнес-жоба ретінде инвестиция салдыңыз ба?
- Шынымды айтсам, біз бұл жобаны бизнес тұрғысынан қарастырған жоқпыз. Сондықтан қанша қаржы түседі, инвестиция қанша уақытта қайтады деген есеп болған жоқ. Негізгі мақсатымыз – маңызды оқиғаны көрсету және орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегін насихаттау.
Нұржігіт Хайдармен бірге сценариймен қалай жұмыс істедіңіздер?
- Сценарийді Нұржігітпен бірге, орман шаруашылығының білікті мамандарымен ақылдаса отырып дайындадық. Әр маман өз саласы бойынша ұсыныстарын айтып, оқиғаның кәсіби тұрғыдан дұрыс берілуіне көмектесті. Нұржігіт шығармашылық және сценарийлік жағына жауап берсе, біз орман шаруашылығына қатысты кәсіби тұстардың дұрыс берілуіне көңіл бөлдік. Негізгі мақсат – көркемдік пен шынайылықты қатар ұстау болды.
«38» фильмінен кейін қазақстандық киноға инвестиция салуды жалғастыруды жоспарлап отырсыз ба?
- Қазір нақты қандай жобаға инвестиция саламыз деп жоспарлаған жоқпыз. “38” фильмінің өзі коммерциялық мақсаттағы жоба болған жоқ. Сондықтан келесі қадамды уақыт көрсетеді.
Киноға немесе әлеуметтік маңызы бар жобаларға инвестиция салуды ойлап жүрген кәсіпкерлерге не айтар едіңіз?
- Қазір елімізде кино саласы дамып келе жатыр, түрлі жанрдағы жақсы фильмдер түсіріліп жатыр. Менің ойымша, ең бастысы қандай жоба жасалса да, оның көрерменге беретін мағынасы болуы керек. Әсіресе келешек жастарға тәрбие беретін, қоғамға және елімізге пайдасы бар жобалар көп болғаны дұрыс.
Сілтеме: https://www.instagram.com/38_film_/
От декрета к собственному делу: как предпринимательница решилась открыть кофейню по франшизе
Открытие кофейни стало для Ұлжан Берікқызы первым опытом в бизнесе.
Украшения без компромиссов о свободе выбора между природными и лабораторными камнями.
Пока классический ювелирный рынок Казахстана только присматривается к лабораторным бриллиантам, ателье AIDE уже около года создаёт украшения на стыке двух миров — с лабораторными и природными камнями, сапфирами, рубинами и изумрудами.
«Просто хорошего кофе уже недостаточно»: Айбек Аханов — о взрослении кофейного рынка Казахстана и будущем Astana Coffee Expo
Кофейный рынок Казахстана продолжает расти, но время, когда для успеха было достаточно просто открыть кофейню, постепенно заканчивается.
Быть сильным экспертом и быть бизнесом — не одно и то же: почему знания не гарантируют устойчивую компанию
Кажется, что сильному эксперту достаточно начать брать деньги за консультации и бизнес построится сам собой.
Бизнес во втором поколении: почему продолжать дело родителей сложнее, чем строить своё
Считается, что наследнику проще: продукт уже есть, аудитория знает имя, репутация наработана годами.
Реальные перемены требуют согласия и упорства – итоговое слово партии «Әділет» на дебатах
Успех и благополучие приходят благодаря согласию и упорству - Дадебай рассказал, как будут развивать села Казахстана