Қазақстандағы таңбалау: түпнұсқа аяқ киімді жалған өнімнен қалай ажыратуға болады

Қазақстанда 2021 жылғы 1 қарашадан бастап аяқ киімді міндетті таңбалау енгізілді

    поделиться
Автор: Редакция 05-05-2025

 

Қазақстанда аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау енгізілгенмен сатып алушылар тауар сапасына сенімді болуға және өз құқықтарын қорғауға арналған тиімді құралға ие болды. Таңбалау арқылы әрбір тұтынушы сатып алмас бұрын тауар туралы толық әрі шынайы ақпарат ала алады.

Цифрлық таңбалау – тауар айналымының заңдылығына кепіл. Бұл құрал аяқ киімнің түпнұсқалығын қолдан жасалған өнімнен ажыратуға көмектеседі, Tanba бірыңғай операторының жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау жобасының жетекшісі Ерлан Қарабаев дейді.

«Аяқ киімнің түпнұсқалығы өнімнің сапа сертификаттары мен сәйкестік сертификаттарымен расталады. Бұл құжаттар Қазақстанға аяқ киім импорттау немесе Қазақстанда өндіру кезінде міндетті түрде ұсынылады. Аяқ киімді таңбалау процесіне тек заңды айналымға қатысушылар ғана тартылады. Тауарды және қадағалау жүйесіне енгізілетін мәліметтер электронды цифрлық қолтаңба арқылы расталады. Бұл сатылатын өнімнің ашық әрі заңды екенін көрсетеді», – деп түсіндірді Ерлан Қарабаев.

Таңбаланған аяқ киім қаптамасында уникалды Data Matrix коды болуы тиіс. Naqty Onim қосымшасы арқылы осы кодты сканерлеп, аяқ киімнің атауы мен сипаттамасын, өндіруші мен импорттаушы туралы мәліметтерді және шығарған елді білуге болады. Бұл тауарды саналы түрде сатып алуға және оның заңды екеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда 2021 жылғы 1 қарашадан бастап аяқ киімді міндетті таңбалау енгізілді. Бүгінде Бірыңғай тауарларды таңбалау және қадағалау операторының жүйесінде осы топ бойынша 4,5 мыңнан астам айналым қатысушы тіркелген. Осы уақыт аралығында елімізде шамамен 137,5 миллион жұп аяқ киім таңбаланды.

КОММЕНТАРИИ
0
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Как казахстанский интернет-магазин поднял выручку в 3 раза
06-02-2024– Редакция

Помогла гибкая архитектура рекламных кампаний в Google

 

Макинская птицефабрика расширила производство

Банк развития Казахстана предоставил большую часть средств в виде льготного кредита

Медер Сатибек: Мы столкнулись с проблемой финансирования средних предприятий в Казахстане

Совладелец и руководитель Art Price рассказал о своем пути в бизнесе и трудностях роста

От продаж до завода: как казахстанец создал компанию по производству платежных терминалов

Основатель компании Cash Master Бейбут Асанбаев рассказал о своем пути в бизнесе

Казахстанские предприниматели создали национальный формат стрит фуда – «ет нан»

Создатели уверены, что Казахстану необходим свой национальный бренд на этом рынке

Подписаться на рассылку
Подписывайтесь на рассылку свежих материалов от нашего сайта и будьте знакомы с интересными людьми нашей страны, а также полезными рекомендациями и лайфхаками!