Елордамызда жаңартылған дармарка өтті
Дармарка немесе батыстың тілімен айтқанда free-market бұл - қоғамның тұтыну бойынша дамуына бағытталған заттарды айырбастау алаңы. Мұнымен әрбір адам айналыса алады. Игі іс істей отырып әрі өзіңді жетілдіру арқылы free-marketті өз бетіңше ұйымдастыруға болады.
Алғашқы танымал free-market Жаңа Зеландиядағы Крайсчерчте “Еда Вместо Бомб” болды. Ол еркін сауда митингісіне наразылық ретінде өтті. Фримаркеттер АҚШ-та 2004 жылдан бастап танымал бола бастады әрі күллі әлемге тарай бастады.
5-маусым - халықаралық қоршаған ортаны қорғау күнінде елордадағы Жетісу саябағында алғаш рет жаңа форматта дармарка өтті. Дармарканың негізгі мақсаты - қала тұрғындарын жинау, зат алмасу және өңдеуге жарамды заттарды жинау болды.
Дармарка қоғамдастық пен әр түрлі экологтар, эко белсенділер қолдауымен ұйымдастырылды.
Әр адам өзіне қажет емес заттарын таза күйінде әкеліп, оны өзіне ұнайтын затқа айырбастай алады.
Бұдан басқа ұйымдастырушылар қалдықтарды сұрыптау бойынша шеберлік сағаттарын өткізіп, экологиялық сыйлықтар ойнатты.
Көптеген саналы сатып алушылар бұрыннан азық-түлік пен тұрмыстық химияны салмағы бойынша алады. Басқаша айтқанда, Zero waste дүкенінің тұтынушысына айналады. Әр ерікті бұл форматтағы дармарка туралы елордамызда жақынырақ таныса алады.
Ұйымдастырушылар дармаркаға шақырған стилист қала тұрғындары әкелген заттардан гардероб капсуласын жасады. Жаңа киімнің орнына адамдардың керегіне жарамай қалған заттардың арасынан сәнді дүние табу саналы тұтынудың көрсеткіші.
Алайда, қолдануға болмайтын киім-кешек пен тұрмыстық заттар бар. Оларды жануарлар үйіне жіберу арқылы екінші өмір сыйлауға болады. Ол жерде әр түрлі себептермен үйсіз қалған жануарлардың үйшіктерін жылытуға, ойыншықтар жасауға үнемі заттар керек.
Жас-Ұлан жастар ұйымының еріктілері түрлі флешмобтар мен экоквесттер өткізді.
Айта кету керек, бүгінде елордада қалдықты өңдейтін кәсіпорындар көп. Ал олардың барлығына өңдеу үшін шикізат қажет. Ал көлемі тек тұрғындардың хабардарлығына, нақтырақ айтқанда, әр үйден бастап қалдықтарды сұрыптауға байланысты. Кәсіпорындарда қалдықтар қолмен сұрыпталатындықтан, қажетті шикізатты іздестіру уақыты едәуір артады. Сонымен қатар, көбінесе шикізат органикалық заттармен және қайта өңделмейтін қалдықтардың басқа түрлерімен араласқандықтан өңдеуге жарамсыз болып қалады.
Нұр-Сұлтан қаласында 20-22 мамыр аралығында “Ұлттық өнім” көрмесі өтті.
Көрмеге әр қаладан отандық өндірушілер қатысып, өздерінің өнімдерін ұсынды. Өндірушілер арасында “сазсырнай” аспабын дәріптеп, сатылымға шығарған Ғазиз Жұмабеков болды.
Бүгінгі кейіпкер тұңғыш бір миллион теңгесін 25 жасында тапты
«Өмірден қалағаныңды алғың келе ме? Барлығы ойдан басталады»