TikTok шығармашылық және қарым-қатынасқа арналған TikTok Now жаңа қызметін ұсынады

    поделиться
16-09-2022

 

TikTok контентті құруға арналған креативті құралдар жиынтығын кеңейтеді және TikTok Now-ды бүкіл әлем бойынша, соның ішінде Қазақстанда ұсынады. Енді платформа пайдаланушылары нақты уақыт режимінде жарқын әсерлермен бөлісе алады.

TikTok қысқа бейнелерді жасауға және көруге арналған жетекші платформа - бұл пайдаланушылар контентті жасайтын, өзіңің шығармашылығымен бөлісетін және жаңа эмоциялар алатын орын. Платформада шығармашылық үшін мүмкіндіктер шексіз: фильтрлер, түрлі хронометраждары бар бейнероликтер, басқа авторлармен дуэттер мен коллаборациялар жасау, ауқымды музыкалық кітапхананы пайдалану, тікелей эфирде трансляциялар өткізу және т.б.

Бүгінгі таңда платформа TikTok Now - TikTok қауымдастығы үшін ойын-сауық пен қарым-қатынастың жаңа әдісін ұсынады. Пайдаланушылар нақты уақыт режимінде фотосуреттер мен қысқа бейнелер жасау арқылы өмірлеріндегі маңызды және күнделікті сәттерді өздері үшін маңызды адамдармен бөлісе алады. TikTok Now пайдаланушыларға күн сайын 10 секундтық бейне түсіруді немесе дәл қазір не істеп жатқандығы туралы суретке түсіруді ұсынады.

Таяудағы апталарда TikTok Now Қазақстанды қоса алғанда, бүкіл әлем бойынша пайдаланушылар үшін қолжетімді болады. Жаңа функцияны TikTok қосымшасында, сондай-ақ жеке TikTok Now қосымшасында пайдалануға болады. Платформа TikTok қауымдастығы жаңа шығармашылық форматты қалай қолданатыны туралы мәліметтерді алу және өңдеу шамасына қарай TikTok Now қызметін жетілдіруді жалғастырады.

TikTok Now жобасын жасау кезінде платформа пайдаланушыларының қауіпсіздігі мен құпиялылығына ерекше назар аударылды. Контент авторлары өз контентін кім көре алатындығын және онымен кім өзара әрекеттесетінін өздері шешеді. Олар басқа пайдаланушыларды бұғаттай алады және жасалған контенттің астында қандай пікірлер көрсетілетінін таңдай алады. Егер платформаны қолданушы Қоғамдастық Ережелерін бұзады деп санайтын мінез-құлыққа тап болса, олар бұл туралы тексеру жүргізу үшін хабарлай алады.

Пайдаланушы қауіпсіздігі-платформаның негізгі басымдығы. Атап айтқанда, TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс істеуді жалғастыруда:

  • Егер 16 жасқа толмаған пайдаланушылар TikTok Now қосымшасында тіркелсе, олардың есептік жазбалары TikTok сияқты әдепкі бойынша жеке болады.
  • 18 жасқа толмаған адамдар өздерінің контентін ұсыныстар арнасында бөлісе алмайды.
  • 13 жастан 15 жасқа дейінгі пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олардың жарияланымдары туралы тек достар тізіміндегі пайдаланушылар — өздері жазылған, мақұлданған жазылушылар ғана пікір қалдыра алады.

18 жастан асқан пайдаланушылар қандай құпиялылық параметрлерін таңдағанына байланысты достарынан басқа, көптеген адамдармен контетті бөлісе алады. TikTok Now барлық пайдаланушыларының теңшелімдерінде олардың контентін тек достары көре алатын әдепкі түрде көрсетіледі. Мұны өзгерту үшін:

  • Жарияламас бұрын «Көру тек достарыңызға қол жетімді» опциясын таңдау.
  • TikTok Now-да контеттік көруге қол жетімді пайдаланушыларды таңдау қажет.
  • «Көру тек достарға қол жетімді»теңшелімін таңдаған кезде, пайдаланушыға жазылып, жауап жазылымын алған кез келген адам оның TikTok Now-дағы жазбаларын көре алады.
  • «Барлығы» теңшелімін таңдағанда пайдаланушының өңіріңдегі кез-келген адам оның TikTok Now-дағы контентін көре алады. Пайдаланушыға жазылмаған немесе жауап ретінде пайдаланушы жазылмаған адамдар үшін TikTok Now-да оның жарияланымдарымен өзара әрекеттесу және оларға пікір қалдыру мүмкін емес.

TikTok туралы

TikTok-бұл қысқа бейнелер жасауға арналған жетекші қосымша. Біздің мақсатымыз-адамдарды шығармашылыққа шабыттандыру және оларға қуаныш әкелу.

КОММЕНТАРИИ
0
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Жаңа дармарка Қазақстанда
05-06-2022–

Елордамызда жаңартылған дармарка өтті

Ғазиз Жұмабеков: “Сазсырнай – емдік қасиетке ие қазақтың ұлттық аспаптарының бірі”

Нұр-Сұлтан қаласында 20-22 мамыр аралығында “Ұлттық өнім” көрмесі өтті.
Көрмеге әр қаладан отандық өндірушілер  қатысып, өздерінің өнімдерін ұсынды. Өндірушілер  арасында “сазсырнай” аспабын дәріптеп, сатылымға шығарған Ғазиз Жұмабеков болды.

Подписаться на рассылку
Подписывайтесь на рассылку свежих материалов от нашего сайта и будьте знакомы с интересными людьми нашей страны, а также полезными рекомендациями и лайфхаками!