Фармацевтикалық хабты Астанада құру қажет

    поделиться
Автор: Редакция 11-06-2025

 

Astana International Trade Forum аясында сөз сөйлеген «GxP Training» ЖШС басқарушы директоры Әділжан Ойшынов Қазақстанда фармацевтикалық хабты Астана қаласында орналастыруды ұсынды. «GxP Training» компаниясы фармацевтикалық стандарттарды енгізу бойынша консалтингтік қызмет көрсетумен айналысады.

Қазіргі таңда елдегі негізгі фармацевтикалық орталық Алматы қаласында орналасқан, мұнда халықаралық ірі фармкомпаниялардың басым бөлігі шоғырланған.

«Орналасуы бойынша бұл аса тиімді дей алмаймын. Алматыдан өнімді өңірлерге - Астанаға, Қарағандыға, Атырауға, Ақтөбеге, Шымкентке жеткізу ұзақ уақыт алады.  Хабты Астанада орналастыру әлдеқайда тиімді болар еді, өйткені Астана елдің географиялық оталығында орналасқан. Оған қоса, фармацевтикалық өнімді тексеретін басты мемлекеттік орган да Астанада. Барлық есептер мен тексеріс материалдары осында жіберіледі және соңғы әрі нақты шешім де ел астанасында қабылданады», - деді Әділжан Ойшынов.

КОММЕНТАРИИ
0
Подписаться на рассылку
Подписывайтесь на рассылку свежих материалов от нашего сайта и будьте знакомы с интересными людьми нашей страны, а также полезными рекомендациями и лайфхаками!