Цифрлық таңбалау кәсіпкерлерге адал бизнес құруға көмектеседі
2020 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда темекі өнімдерінің барлық түріне, 2021 жылғы 1 қарашадан бастап – аяқ киімге, ал 2024 жылғы 1 шілдеден бастап – дәрілік заттарға міндетті цифрлық таңбалау енгізілді. Цифрлық таңбалау экономикасына және тұтынушылардың мүдделерін қорғауға тигізген әсері туралы «Tanba» Бірыңғай таңбалау операторы айтып берді.
Бүкіл кезең ішінде Қазақстанда шамамен 140 миллион жұп аяқ киім, 5,4 миллиардтан астам темекі өнімдері және 325 миллионнан астам дәрілік заттар таңбаланды. Жалпы, тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінде шамамен 55,5 мың қатысушы тіркелген: аяқ киім бойынша – 4,5 мың, темекі өнімдері бойынша – 46 мыңнан астам, дәрілік заттар бойынша – 5 мыңға жуық.
«Таңбалау — Қазақстанда ашық және әділ нарықты қалыптастыруға бағытталған құрал. Ол өнімнің өндірушіден бастап түпкі тұтынушыға дейінгі барлық айналым кезеңдерін қадағалауға мүмкіндік береді. Әрбір тауарға бірегей сәйкестендіргіш беріледі, бұл оның бүкіл логистикалық үдеріс бойындағы қозғалысын дәл әрі тиімді бақылауға көмектеседі», – дейді Бірыңғай таңбалау операторының жобалық офисінің басқарушы директоры Алмат Исмаилов.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, импортталған аяқ киім өнімдерінен қосылған құн салығы мен кедендік баждар есебінен 2021 жылы мемлекеттік бюджетке 7,8 млрд теңге түскен болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 24,8 млрд теңгеге жетті. Осылайша, өсім үш еседен асты. Сәйкес келетін динамика темекі өнімдеріне қатысты акциз түсімдерінде де байқалады. 2019 жылы бұл көрсеткіш 191,5 млрд теңгені құраса, өткен жылы 289,9 млрд теңгеге жетіп, 151%-ға өскен.
Айта кетейік, бүгінгі таңда зергерлік бұйымдар, жеңіл өнеркәсіп тауарлары, мотор майлары және сыра өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жобалар аяқталды. Жақында биологиялық белсенді қоспаларды таңбалау пилоты іске қосылды, ал тұрмыстық химия мен медициналық бұйымдарға қатысты жобалар әзірлік кезеңінде.
Қазақстанда 300 миллионнан астам дәрі-дәрмек таңбаланды
Қазіргі уақытта Қазақстанда міндетті таңбалауға үш тауар тобы жатады: аяқ киім, темекі бұйымдары және дәрі-дәрмектер
Қазақстандықтар биологиялық белсенді қоспаларды тексере алады: таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылды
Тиісті бұйрық Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілді
Қазақстан мен Өзбекстан биржалары жеміс-көкөніс өнімдерін бірлесіп сату туралы келісімге келді
Бұл халықты тұрақты баға және сапалы өніммен сенімді қамтамасыз етуге көмектеседі
Қазақстанда тоқыма өнімдеріне міндетті таңбалауды енгізуге дайындық жүргізілуде
Қазақстанда міндетті цифрлық таңбалау жүйесі енгізіліп, жеңіл өнеркәсіп нарығы айтарлықтай өзгеруде
Алматыда жасанды интеллект тақырыбында Digital Almaty Халықаралық цифрлық форумы өтеді
Форум 2025 жылдың 31 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында өтеді
Ozon Қазақстандағы кәсіпкерлерге тапсырыс беру орындарында қаржылық және маркетингтік қолдау көрсету бағдарламасын іске қосады
37 миллион сатып алушысы бар жетекші нарық франчайзилер үшін кепілдендірілген табыс бағдарламасы туралы хабарлайды. Басты мақсат - Ozon қабылдау пункттерінен (POPs) өз бизнесін ашқысы келетін қазақстандық кәсіпкерлерге қаржылық және маркетингтік қолдау көрсету.