Тиісті бұйрық Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілді
Жоба тұтынушыларды контрафактілік өнімдерінен қорғап, елімізде ББҚ-ның ашық нарығын құру мақсатында жүзеге асырылуда. Пилоттық жобаны жүзеге асырумен Tanba бірыңғай таңбалау операторы айналысады.
Таңбалау кодтары мемлекеттік органдарға қоспаларды өндірушіден түпкі тұтынушыға дейінгі қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беріп, бұл контрафакт пен жалған өнімдердің санын азайтуға көмектеседі. Бірыңғай операторының дәрілік заттарды таңбалау жобасының жетекшісі Анар Карибаева бұл бастаманы маңызды деп атады, себебі ББҚ фармацевтикалық дәрілермен қатар лицензиялауға жатпайды.
«Таңбалау арқылы биологиялық белсенді қоспалар өндірушілері тұтынушыларды өнімнің пайдасы немесе құрамы туралы адастыра алмайды. Таңбаланған өнімдер қажетті тексерулер мен сертификаттаудан өтетіндіктен, сатып алушылар олардың қауіпсіздігі мен тиімділігіне сенімді болады. Сондай-ақ таңбалау арқылы қауіпті немесе тиімсіз өнімдерді анықтап, оларды нарықтан алып тастауға мүмкіндік беріледі», – дейді Анар Карибаева.
Пилоттық жобаға өндірушілер, импорттаушылар, дистрибьюторлар, бөлшек және желілік сауда өкілдері қатыса алады. Кәсіпкерлер үшін бұл пилоттық жоба таңбалау ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерін тегін сынауға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, цифрлық таңбалау тұтынушыларға өнімнің түпнұсқалығын бірегей сандық кодты Naqty Onim қосымшасы арқылы сканерлеп, тауарларды өз бетінше тексеруге мүмкіндік береді.
Қосымша ақпарат: Бүгінгі таңда үш өнім тобына міндетті таңбалау енгізілді: аяқ киім, темекі бұйымдары және дәрі-дәрмек. Ал келесі өнім топтары үшін таңбалау бойынша пилоттық жобалар іске қосылды: мотор майлары, сыра қайнату өнімдері, зергерлік бұйымдар, биологиялық белсенді қоспалар.
Бұл халықты тұрақты баға және сапалы өніммен сенімді қамтамасыз етуге көмектеседі
Қазақстанда міндетті цифрлық таңбалау жүйесі енгізіліп, жеңіл өнеркәсіп нарығы айтарлықтай өзгеруде
Форум 2025 жылдың 31 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында өтеді
37 миллион сатып алушысы бар жетекші нарық франчайзилер үшін кепілдендірілген табыс бағдарламасы туралы хабарлайды. Басты мақсат - Ozon қабылдау пункттерінен (POPs) өз бизнесін ашқысы келетін қазақстандық кәсіпкерлерге қаржылық және маркетингтік қолдау көрсету.