Қазақстанда міндетті цифрлық таңбалау жүйесі енгізіліп, жеңіл өнеркәсіп нарығы айтарлықтай өзгеруде
Бүгінде аяқ киім өнімдерін таңбалау жүйесінде 4,5 мыңнан астам қатысушы тіркелген, ал жүйе іске қосылғаннан бері 130 миллионнан астам жұп аяқ киім таңбаланды. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында саладағы міндетті таңбалауды енгізудің өзекті нәтижелері жарияланды.
2021 жылғы 1 қарашадан енгізілген аяқ киім өнімдерін цифрлық таңбалаудың негізгі әсерлерінің бірі – салықтық түсімдердің айтарлықтай өсуі. Мемлекеттік органдардың мәліметінше, сол кезеңнен бастап аяқ киім сатудан түсетін салық кірістері 300%-дан астам өсіп, 8 миллиардтан 25 миллиард теңгеге дейін ұлғайған.
Tanba бірыңғай операторының жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау жобасының жетекшісі Ерлан Қарабаевтың айтуынша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Сауда және интеграция министрлігі жеңіл өнеркәсіп тауарларының тағы бір тобына міндетті таңбалауды енгізуді жоспарлап отыр.
Импорттаушылар таңбалаудың тиімсіздігін алға тартса да, отандық өндірушілер оның пайдалы екеніне сенімді. 300-ден астам нарық қатысушысын біріктірген «QAZ TEXTILE INDUSTRY» жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық қауымдастығы басқармасының төрайымы Гүлмира Уахитованың айтуынша, таңбалау тұтынушыларды контрафактілік өнімдерден қорғап, адал бәсекелестіктің дамуына ықпал етеді.
Сонымен қатар, спикер Қазақстан нарығындағы импорттық өнім кейде шетелдегі ұқсас тауарларға қарағанда неге арзанырақ болатынын түсіндірді. Уахитованың айтуынша, бұл – отандық өндірушілер бәсекелесе алмайтын «сұр» импорттың салдары.
Нарық қатысушыларының пікірінше, таңбаланбаған өнімге толық тыйым салу елдегі импортқа тәуелділікті азайтып, ашық әрі бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырудың маңызды қадамы болмақ.
Анықтама: 2020 жылдан бастап Қазақстанда тауарларды таңбалау және бақылаудың Бірыңғай операторы ретінде «Казақтелеком» анықталды. Бүгінгі таңда міндетті таңбалау үш тауар тобына енгізілді: аяқ киім, темекі бұйымдары және дәрілік заттар. Таңбалау бойынша пилоттық жобалар келесі тауар топтары бойынша іске қосылды: мотор майлары, сыра өнімдері және зергерлік бұйымдар.
Форум 2025 жылдың 31 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында өтеді
37 миллион сатып алушысы бар жетекші нарық франчайзилер үшін кепілдендірілген табыс бағдарламасы туралы хабарлайды. Басты мақсат - Ozon қабылдау пункттерінен (POPs) өз бизнесін ашқысы келетін қазақстандық кәсіпкерлерге қаржылық және маркетингтік қолдау көрсету.