Alibaba, Wildberries және Halyk Market қазақстандықтарға не ұсынады?

    поделиться
Автор: Редакция 12-06-2025

 

Astana International Trade Forum аясында өткен «CEO Talks: Ритейл көшбасшылары – 2025 бағыты» сессиясында еліміздегі танымал маркетплейстердің өкілдері қазақстандық тұтынушылар мен өндірушілерге не ұсына алатыны туралы айтып берді.

      

Орталық Азиядағы Alibaba өкілі Чингиз Шердің айтуынша, қазақстандық өндірушілер өз өнімдерін халықаралық нарыққа шығарудан бұрын Alibaba  платформасында сынақтан өткізе алады.

«Alibaba  өндірушілерге олардың өнімдерін қай елде, кімге сата алатынын сынақтан өткізуге мүмкіндік береді. Ол үшін жай ғана платформаға тіркеліп, белсенді жұмыс жасау қажет», - деді форум барысында Чингиз Шер.

Қазақстандағы Wildberries  компаниясының корпоративтік байланыстар жөніндегі директоры Қазбек Күжімов маркетплейстің отандық нарыққа бейімделу жұмыстары жайында баяндады.

         «Бүгінде Wildberries платформасында 120 мыңға жуық қазақстандық сатушы тіркелген. Астанада логистикалық орталықтың салынуы жергілікті экономиканың үлесін 5%-ға өсіріп отыр. Бұл бір инфрақұрылымдық нысан үшін өте үлкен көрсеткіш. Біз жаңа қызметтер ұсынып, оқыту жүргіземіз және жаңа сатушыларды тартамыз», - деді ол.

Сонымен қатар, Wildberries  қосымшаны қазақ тіліне аударғанын да атап өтті.

«Біз қосымшаны қазақ тіліне аударғанымызды мақтанышпен айтамыз. Бұл – үлкен жұмыс, өйткені, 65 миллион тауар карточкасын бір уақытта аудару оңай болған жоқ. Ай сайын бір миллиондай карточка қосылып отырады және оларды да аударып отыру қажет. Біз тауар сипаттамасын қазақ тіліне аударатын арнайы сервисті іске қостық», - деді Қазбек Күжімов.

Halyk Finservice (Halyk Market маркетплейсі) басқарма төрайымы Мөлдір Рысалиева жекелендірілген маркетинг жайында айтты.

«Жекелендірілген маркетинг клиент тарту шығындарын 50%-ға дейін азайта алады. Бізде клиенттердің мінез-құлқын толық зерттейтін “деректер фабрикасы” деп аталатын департамент бар. Мысалы, егер клиент  әуежайда болса, оған медициналық сақтандыруды сатып алу туралы хабарлама келуі мүмкін. Сауда орталығында жүрген кезде – тұрақ ақысын төлеуді есіне саламыз. Дәл сол сияқты тұтынушының қызығушылығына сәйкес тауар санатын да ұсынамыз», -  деді Мөлдір Рысалиева.

КОММЕНТАРИИ
0
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Қазақстанда 300 миллионнан астам дәрі-дәрмек таңбаланды
09-04-2025– Редакция

Қазіргі уақытта Қазақстанда міндетті таңбалауға үш тауар тобы жатады: аяқ киім, темекі бұйымдары және дәрі-дәрмектер

Қазақстандықтар биологиялық белсенді қоспаларды тексере алады: таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылды
07-04-2025– Редакция

Тиісті бұйрық Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілді

Подписаться на рассылку
Подписывайтесь на рассылку свежих материалов от нашего сайта и будьте знакомы с интересными людьми нашей страны, а также полезными рекомендациями и лайфхаками!