Astana International Trade Forum аясында өткен сессияда қатысушылар гипербәсекелестік жағдайында брендтерге қалай ерекшеленуге болатынын, тұтынушының өнімге деген сенімін қалай қалыптастыратынын және сатылымды арттыру жолдарын талқылады.
Электрондық саудада тауарларды онлайн жарнамалау маңызды рөл атқарады. Accounting Yandex Qazaqstan жетекшісі Антон Хон жарнамаға салынатын инвестицияның өсуі жөнінде сөз қозғады: «RetailMedia-ға салынатын инвестицияның өсіп жатқанын көріп отырмыз. Retail Media - бұл цифрлық жарнаманың жаңа кезеңі. Оның даму қарқыны таңғаларлық. Батыс нарығында Amazon мен Walmart көш бастап тұр. Олар бұл модельді алғашқылардың бірі болып енгізіп, сәтті қолданып отыр».
Өзбекстандық Korzinka Go онлайн супермаркетінің операциялық директоры Умид Хошимов қазіргі таңда баға мен ассортименттен гөрі жеткізу жылдамдығы маңызды екенін атап өтті. «Бүгінде бәсекелестік тек баға немесе тауар таңдауымен өлшенбейді. Ең бастысы - жеткізудің жылдамдығы. Біз бұны “on-time” деп атаймыз. Клиент не тапсырыс берсе, соның бәрі уақтылы әрі толық жеткізілуі тиіс», - деді ол.
Қазақстанда осындай жоғары жылдамдықтағы қызметті жаңа TEEZ маркетплейсі ұсынады.
«Біз көрсететін қызметтер біздің логистика саласында мықты екенімізді көрсетіп отыр. Барлық тапсырыстардың 97%-дан астамын бір күн ішінде жеткіземіз. Қазіргі таңда тапсырыстардың 70%-ы аймақтарға тиесілі», - деді TEEZ компаниясының даму жөніндегі СЕО орынбасары Жәнібек Ысқақов.
LAMODA.KZ маркетплейстер бөлімінің басшысы Айнұр Рахимжанова платформаның сатушыларға қоятын талаптары туралы айтты: «Сатылым табысының 90%–ы – бұл тауарлардың сапалы фотосуреттері. Бізде нақты, қатаң талаптар бар. Сапасыз немесе талаптарға сай келмейтін фотосуреттер қабылданбайды. Бұл талаптар ірі серіктестеріміз үшін де өзгермейді».
Таңбалау жүйесіне қатысатын шетелдік компаниялар Қазақстанға келмей-ақ ЖСН ала алады
Пилоттық жоба 2025 жылдың аяғына деән енгізілді
Салық түсімдерінің артуы мен көлеңкелі нарықпен күрес: таңбалау Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?
Цифрлық таңбалау кәсіпкерлерге адал бизнес құруға көмектеседі
Қазақстанда 300 миллионнан астам дәрі-дәрмек таңбаланды
Қазіргі уақытта Қазақстанда міндетті таңбалауға үш тауар тобы жатады: аяқ киім, темекі бұйымдары және дәрі-дәрмектер
Қазақстандықтар биологиялық белсенді қоспаларды тексере алады: таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылды
Тиісті бұйрық Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілді
Қазақстан мен Өзбекстан биржалары жеміс-көкөніс өнімдерін бірлесіп сату туралы келісімге келді
Бұл халықты тұрақты баға және сапалы өніммен сенімді қамтамасыз етуге көмектеседі