Қазақстанда электрондық сауда көлемі 3,2 трлн теңгеге жетті – ҚР Сауда министрлігі  

    поделиться
Автор: Редакция 11-06-2025

 

Қазақстан электрондық сауданы экономиканы дамыту, экспорттық әлеуетін арттыру және халықаралық қосылған құн тізбегіне интеграцияланудың стратегиялық бағыты ретінде қарастырады. Еліміз сыртқы сауда операцияларында инновациялық және қағазсыз шешімдерді енгізуге сенімді қадам басып келеді. Бұл туралы Astana International Trade Forum аясында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов мәлімдеді.

«Электрондық сауданы дамыту — біздің басым бағыттарымыздың бірі. Соңғы жылдары нақты нәтижелерге қол жеткіздік: мысалы, қызмет көрсету саудасының дефициті 2016 жылғы 3,65 млрд АҚШ долларынан 2023 жылы 1,81 млрд долларға дейін қысқарды. Бұл—цифрлық және қызмет көрсету экономикасының даму көрсеткіші», - деді Әсет Нүсіпов.

Электрондық сауда - жаhандық экономиканың ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Ол шағын және орта бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, трансшекаралық сауданың дамуына әсер етіп, сауда инфрақұрылымының цифрлық жаңғыруын жеделдетеді.

Бүгінде әлем халқының шамамен 30%-ы онлайн сауда жасайды. 2024 жылы оның әлемдік нарықтағы көлемі 6,3 трлн АҚШ долларына жетіп, алдағы жылдары 8,3 трлн долларға дейін өсуі мүмкін.

Қазақстан да бұл үдеріске белсенді түрде қатысып келеді. 2020 жылдан бері электрондық сауданың көлемі бес есеге өскен.

«2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде электрондық сауда көлемі 3,2 трлн теңгені құрады немесе жалпы бөлшек сауданың 14,1%-ын иеленді.  Жоғары цифрлық қолжетімділікті, дамыған финтехті және 8 миллионнан астам жас әрі белсенді пайдаланушылардың барын ескере отырып, өсу әлеуетінің зор екендігін атап өтуге болады. Біздің мақсатымыз — 2029 жылға дейін электрондық сауда үлесін 18,5%-ға дейін өсіру, бұл қазіргі электрондық коммерция деңгейінен үш есе көп», - деді Әсет Нүсіпов.

Вице-министр бұл мақсатқа жету үшін осы жылдың наурыз айында 2027 жылға дейінгі электрондық сауданы дамыту жөніндегі Жоспар қабылданғанын да атап өтті.

Аталған Жоспар аясында заңнаманы жетілдіру, білім беру бағдарламаларын енгізу, кәсіпкерлерді қаржылай қолдау және логистикалық инфрақұрылымды дамыту шаралары көзделген.

Заңнамалық бастамалар аясында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі ерекше назарда тұр. Офлайн саудада қолданылатын стандарттарды тең қолдану мақсатында маркетплейстерге де, сатушыларға да теңдестірілген талаптар енгізіліп жатыр.

Қазақстан трансшекаралық электрондық сауданы дамыту бойынша халықаралық ынтымақтастыққа белсенді қатысуда.

«Электрондық және цифрлық сауданың дамуы — бұл тек технологияға байланысты емес. Бұл жаhандық үдерістерден бірде-бір мемлекет артта қалмайтын тұрақты, инклюзивті және өзара байланысты болашаққа бастайтын жол. Біз осындай халықаралық платформалар аясындағы ынтымақтастық, тәжірибе мен озық тәжірибе алмасу осы аймақтағы цифрлық, интеграцияланған және тұрақты кеңістік құруға берік негіз болатынына сеніміміз мол», - деп атап өтті ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов.

«Қазпошта» АҚ электронды коммерция және сәлемдеме бизнесі жөніндегі басқарушы директоры Дамир Мейрамбеков электронды сауданы дамыту үшін тауарлар мен тапсырыстарды жылдам жеткізу үшін инфрақұрылымды дамыту маңызды екендігін айтты. Ол «Қазпошта» тәулігіне отыз мыңға жуық, ал жылына 11 миллионға жуық тапсырысты өңдеуге мүмкіндік беретін сұрыптау жұмыстарының автоматтандырылған кешенін іске қосқанын атап өтті.

Сондай-ақ, Astana International Trade Forum аясында ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен Ресейдің Бөлшек сауда компаниялары қауымдастығы (АКОРТ) арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

КОММЕНТАРИИ
0
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Қазақстанда 300 миллионнан астам дәрі-дәрмек таңбаланды
09-04-2025– Редакция

Қазіргі уақытта Қазақстанда міндетті таңбалауға үш тауар тобы жатады: аяқ киім, темекі бұйымдары және дәрі-дәрмектер

Подписаться на рассылку
Подписывайтесь на рассылку свежих материалов от нашего сайта и будьте знакомы с интересными людьми нашей страны, а также полезными рекомендациями и лайфхаками!