2025 жылғы 1 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында мемлекеттік сатып алулар мақсатында тауарлардың шыққан елін анықтау қағидаларына 11-қосымшасын алты жаңа тауар позициясымен — медициналық және химиялық бұйымдармен толықтыру туралы шешім мақұлданды. Бұл тауарлар шыққан елін растайтын СТ-1 сертификаты болған жағдайда ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қатыса алады.
Бұл шешім ЕАЭО тауарлары ретінде танылатын өнімдер тізбесін кеңейтуге және тиісінше, Одақтың барлық мүше мемлекеттерінің аумағында мемлекеттік сатып алуларға қатысу кезінде оларға ұлттық режим беру мақсатында қабылданды.
Маңыздысы бұған дейін Ресей тарапы мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін тауарлардың шығарылған елін анықтау өлшемшарттарына сәйкес келетін жекелеген өнеркәсіптік тауарларға рұқсат беретін қаулы қабылдаған болатын. Атап айтқанда, тауарларды Ресей Федерациясы аумағында қайта өңдеудің жекелеген операцияларын жүргізу, өндірілетін тауарлардың ресейлік тізілімде болуы және т.б.
Осылайша, СТ-1 сертификаты бар қазақстандық өндірушілер тендерлерге жергілікті жеткізушілермен тең жағдайда қатыса алады, бұл өнімдерді өткізуге және нарықты кеңейтуге толық қолжетімділік береді.
Бұл шешім Қазақстанның ЕАЭО аясындағы белсенді ұстанымы мен жұмысының нәтижесі. Бұл еліміздің Одақтағы экономикалық мүдделерін ілгерілетуге бағытталған нәтижелі жұмыс.
Прослеживаемость товаров способствует защите прав потребителей
Фармацевтическая отрасль сталкивается с уникальными вызовами: от обработки огромных массивов данных до автоматизации сложных бизнес-процессов в условиях строгого регулирования. Как технологии помогают решать такие задачи, рассказал основатель и технический директор компаний Infolek и OMNI Digital Виталий Камынин. За более чем 15 лет работы он разработал решения, которые изменили деятельность таких крупных игроков фармацевтического рынка, как Stada, Takeda, Abbott и Roche.
На какой стадии находится электронная коммерция в Казахстане? Что нужно изменить и улучшить? Что не хватает отечественному бизнесу для конкурентной работы в интернет? На эти и другие вопросы ответили в сообществе TechnoWomen
Мир цифровых платежей стоит на пороге значительных перемен