Екі миллион адамдық қалада қоқыс қалай тазаланып, сұрыпталады

Қазақстанның ең ірі қаласындағы бірнеше тұрғын үй кешенінің аумағында қоқысты сұрыптап жинау жүйесін енгізу басталды. Науқанның сәттілігі қоқыс шығаратын ұйымдарға, экологиялық мәдениетке және халықтың жоғары сана-сезіміне ғана байланысты емес. Тәжірибеден қоқыс шығару және қайта өңдеу компанияларында мамандар жетіспейтінін, сонымен қатар, қалдықтарды фракциялар бойынша сұрыптауға арналған арнайы контейнерлер жеткіліксіз екенін байқаймыз

    поделиться
Автор: admin 23-02-2023

 

Қазақстанда қалдықтарды бөлек жинау қажеттілігі нақты жазылған жаңа Экологиялық кодекс қабылданды. Бірақ біздің елімізде қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) әлі де қалдықтардың түрлері бойынша іс жүзінде сұрыпталмай жиналып жүр. Бұл экологиялық мәселені шешу тек мемлекеттік органдар мен қалдықтарды жинау және қайта өңдеу кәсіпорындарына ғана емес, сонымен қатар, сол қалдықтарды шығарушылардың өзіне де байланысты.

Сонымен қатар, қалалардағы, әсіресе Алматы сияқты халқы тығыз орналасқан қалалардағы қоқыстардың саны халық санының және оның әл-ауқатының, демек, тұтыну көлемінің өсуімен бірге артып жатыр. Ресми статистикаға сәйкес, Алматы қаласының халқы 2022 жылдың 1 қыркүйегіне 2 миллионнан асты. Мегаполисте қоқысты жинау және шығарумен 20-дан астам қоқыс шығаратын ұйым айналысады. Ірі қала ҚТҚ жинау және әкету жөніндегі қызметтермен 100%-ға қамтылған, осы қызметтердің 70%-ын «АҚ Тәртіп» ЖШС ұсынып отыр. Осы кәсіпорын мамандарының айтуынша, олар сұрыптап жинаудың жоқтығына байланысты ҚТҚ-ның шамамен 15%-ын ғана өңдей алады: құнды фракциялар дымқыл қоқыспен ластанып, өңдеуге жарамсыз болып қалады. Қайта өңдеу пайызын арттыруға деген зор ниет бар, бірақ мүмкіндік жеткіліксіз.

Негізінде, мегаполис бүгінде үлкен эксперименттік алаңға айналды. Бұл қалада қоқысты бөлек жинаудың жетістіктері мен сәтсіздіктері оны елдің барлық қаласында тезірек енгізуге көмектеседі.

2022 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында PlastNet пластик қалдықтарын жинау және қайта өңдеу желісінің мамандары Алматыдағы жүзден аса ірі тұрғын үй кешенін аралап шықты. Оның 36-сында бөлек жиын ұйымдастырылып, «АҚ Тәртіп» ЖШС торлары орнатылды.  Тағы 31 тұрғын үй кешені бөлек жинауды ұйымдастыруға келісті, оның ішінде 7 кешенде торлар орнатылып, мониторинг бойынша тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді. Қалған 41 тұрғын үй кешенінде қызметкерлер мен жабдықтардың (торлар, машиналар) жетіспеушілігінен торларды орнату мүмкіндігі жоқ және торларды контейнер алаңына орнату мүмкіндігі болмай отыр. Сонымен қатар, күн сайын қайта өңделетін құнды материал жоғалады: ірі ТК-ларда пластик жинауға арналған екі торлы контейнерден бір айда шамамен 50 кг пластик қалдықтары алынады, ал жылына — жарты тоннадан астам. Қайта өңделетін және органикалық қоқыстар қоқыс таситын жалғыз көлікпен алып кететін жағдайды сирек көретін болдық. Бұл қуанышты жағдай.

Сарапшылардың алдын ала есептеуі бойынша, екі миллион адам тұратын қаланың барлық ірі тұрғын үй кешенінде қоқыс пен пластикті бөлек жинау жүйесі енгізілсе, онда жылына 60 тоннадан астам қайта өңделетін қалдықтар жиналады. Бұл — бір ғана қала ішінде қоршаған ортаны қорғауға қосқан елеулі үлесі.

АЛМАТЫ ТК-ЛАРЫНДА КОНТЕЙНЕРЛЕР ОРНАТУ: ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ҚАЖЕТ

Инфрақұрылым құру, атап айтқанда, торлы контейнерлерді орнату — қалдықтарды экологиялық жолмен жинау мәселесін шешудегі бір ғана қадам. Бірақ тұрғындардың арнайы дағдысы мен әдеті қалыптаспайынша, ол нәтиже бере қоймайды. Өте жиі кездесетін жағдай мынадай: қалдықтарды жинаушы ПИК/МИБ ТК аумағында тор орнату туралы келіседі, бірақ тұрғын үй кешенінің әкімшілігі бұл туралы тұрғындарды хабардар ету және оларға сұрыптап жинау мәдениетін сіңіру үшін ешқандай шара қолданбайды. Нәтижесінде тұрғындар сұрыпталмаған қалдықтарды торға тастай береді, ал жинаушы оны аумақтан шығарады. Көбінесе қалдықтардың белгілі бір түрін өңдеушімен ынтымақтасатын жинаушы компания ПИК-пен/МИБ-пен қалдықтардың тек өзі жинайтын қоқыс түрін ғана әкетуге келіседі. Көп жағдайда мұнда пластик туралы сөз болады.

Сұрыптағысы келетін жауапты тұрғындар бағалы қалдықтардың басқа түрлерін ортақ контейнерге тастауы керек болады, сосын «неге?» деген сұрақ қояды. Ал біреулер қоқысты ойланбастан пластмасса торына және басқа да қайта өңделетін қалдықтарға лақтырады.

Нәтижесінде қайтадан нәтижесіз іске тап боламыз.

Ал ең дұрысы, қалдықтардың төрт түрін сұрыптау үшін бөлек контейнерлер қажет: темір, пластик, шыны және макулатура. Бірақ орын мен ресурстардың жетіспеушілігін ескере келе, төртеуінің орнына ең болмағанда бөлек сұрыпталатын бір контейнер қою дұрыс шешім.

PlastNet желісі — қайырымдылық жобасы, оның мақсаты — Қазақстанда пластик қалдықтарын жинау мен қайта өңдеуді арттыруға ықпал ету. Желінің мүшелері: осы сектордағы жүзден астам мамандандырылған ұйым мен қалдық шығарушылар. Былтырғы қыркүйек айынан бастап Желі Алматыдағы тұрғын үй кешендерімен белсенді жұмыс жүргізе бастады, бұл үшін тіпті жеке қызметкер жалданды. PlastNet тұрғын үй кешендеріне лайықты қоқыс жинаушыны табуға және ұзақмерзімді келісімшарт жасауға, жинаушы қамтамасыз ететін торлы контейнер үшін қолайлы орынды табуға, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, атап айтқанда қоқысты дұрыс сұрыптауға үйретуге көмектеседі.

Қоқыс шығаратын компаниялардың міндеті — контейнерлерде жинақталған қалдықтарды уақытында шығару.

EcoWorld қайта өңделетін шикізатты жинау және әкету жөніндегі компанияның директоры Нұржан Шымғамбаев қоқысты әкету және қайта өңдеу — ерекше жұмыс екенін, бәрінің қолынан келе бермейтін, кадрлар жиі ауысатын жағдайы болатынын мойындайды. Бұл аз десеңіз контейнерлер жетіспейді және оларға сұраныс көп.

Яғни, біздің халқымызда қоқысты сұрыптауға деген ұмтылыс бар, бірақ арнайы жабдықтың жетіспеушілігі кедергі келтіреді.

Шымғамбаевтың айтуынша, сұрыптап жинауға арналған контейнерлер орнатылған кешен тұрғындары біртіндеп органикалық қоқыстарды пластиктен, әйнектен және т. б. бөлуге дағдыланады.

— Біртіндеп адамдар қоқысты бөлек сұрыптау не үшін қажет екенін, оның қоғам мен ғаламшарымызға қандай пайда әкелетінін түсіне бастады. Бүгінде Алматыдағы бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатылған аудан тұрғындарының сана-сезімі өсті, — дейді Нұржан Шымғамбаев. — Тұрғындар аралас қоқыстарды тастайтын қиындықтарға тап болдық, өйткені олар сұрыптау ережелерін білмейді, кездейсоқ органикалық заттарды тастайды, содан кейін біз өзіміз сұрыптауымызға тура келеді. Бұл жағдай көп қиындық тудырады. Сонымен қатар, торлы контейнерлерді ұрлау, кейбір тұрғындар өрт қойған жағдайлар да болды. PlastNet желісі бізге бұған жол бермеуге көмектеседі. Ол үшін PlastNet бізге ТК аумағында сенімді алаңды қамтамасыз етеді.

ҚОҚЫСТЫ СҰРЫПТАП ЖИНАУ: МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ ҚАЖЕТ

Алматы қаласының тұрғын үй кешендерімен жұмысты табысты жүргізу үшін желі мамандары алдын ала шара қолданып жатыр. Мысалы, контейнер алаңы екі талапқа сай болуы керек: ыңғайлы кіріп-шығу жолдары, сонымен қатар, бұл бейнебақылаумен қорғалатын аймақ болуы керек. МИБ-тен немесе ТК әкімшілігінен Желі мен арнайы кәсіпорын өкілдері егжей-тегжейлі нұсқау беретін жауапты адам контейнерлердің толымдылығына мониторинг жүргізеді. ТК аумағында қалдықтарды сұрыптап жинау жүйесін енгізудің маңызды кезеңдерінің бірі — түсіндіру жұмыстары. Мұнымен Желі қызметкерлері мен серіктестері айналысады.

Қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізу процесі осындай болуы керек. Байқағанымыздай, бұл шаруа өзіміз қалағандай тез іске асырылатын процесс емес.

Еске сала кетейік, бұл эко-белсенділердің бастамасы, ал PlastNet — қайырымдылық қоры қаржыландыратын әлеуметтік жоба. Бірақ барлық кезеңде мемлекет пен мемлекеттік органдардың қолдауы қажет. Себебі мұнда әңгіме халқымыздың сана-сезіміне, сондай-ақ, ірі және орта бизнеске экосананы енгізу туралы болып отыр. Тұрғын үй кешендерімен жұмысқа әкімдіктер белсенді араласуы керек, өйткені Экологиялық кодекске сәйкес, бөлек алымды енгізу олардың тікелей міндеті болып саналады және оған бюджеттен қаражат бөлінуі тиіс.

КОММЕНТАРИИ
0
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Жаңа дармарка Қазақстанда
05-06-2022–

Елордамызда жаңартылған дармарка өтті

Ғазиз Жұмабеков: “Сазсырнай – емдік қасиетке ие қазақтың ұлттық аспаптарының бірі”

Нұр-Сұлтан қаласында 20-22 мамыр аралығында “Ұлттық өнім” көрмесі өтті.
Көрмеге әр қаладан отандық өндірушілер  қатысып, өздерінің өнімдерін ұсынды. Өндірушілер  арасында “сазсырнай” аспабын дәріптеп, сатылымға шығарған Ғазиз Жұмабеков болды.

Подписаться на рассылку
Подписывайтесь на рассылку свежих материалов от нашего сайта и будьте знакомы с интересными людьми нашей страны, а также полезными рекомендациями и лайфхаками!