Tech Garden Алматы қаласында өнеркəсіптік цифрландыру бойынша екі технологиялық марафон – Mining Day 2.0 жəне Oil&Gas Day өткізілетіні туралы хабарлайды. Іс-шара 29 наурызда MOST бизнес-инкубатор алаңында өтеді.
Технологиялық марафон-бұл тау-кен металлургия кешенінде, мұнай-газ секторында жəне энергетикада цифрлық трансформация мəселелерін шешу үшін 2022 жылдан бері өткізіліп келе жатқан қордың бірегей өнімі. Өнеркəсіп секторының өкілдері, жетілген АТ компаниялары, ғылыми орта, сарапшылар мен салалық медиа бір алаңға жиналып, міндеттер мен ұсынылған шешімдерді талқылап, білім мен тəжірибе алмасады.
Mining Day 2.0 жəне Oil&Gas Day марафондарына арналған тапсырмалар Smart Industry Management Platform (SIMP) платформасында қол жетімді. Бұл көмірсутек шикізаты мен қатты пайдалы қазбаларды өндіру жəне қайта өңдеу саласындағы ірі жер қойнауын пайдаланушы кəсіпорындардан жалпы сомасы 800 миллион теңгеге шешілуі қажет төрт міндет. Марафонға өнеркəсіптік кəсіпорындарда цифрлық технологияларды енгізу тəжірибесі бар IT-компаниялар қатыса алады. Өтінімді https://simp.gov.kz/ru/store/marathon сайтында беруге болады.
Келесі міндеттерді шешу бойынша технологиялық марафонға өтінімдерді қабылдау ашылды:
Марафонның мақсаты - өнеркəсіпті цифрландыру бойынша озық отандық əзірлемелерді көрсету (Индустрия 4.0). Оның ішінде, марафон барысында қосымша қажеттіліктер анықталады, бұл тапсырманы неғұрлым тиімді жəне фокустық пысықтау мүмкіндігін едəуір арттырады.
Технологиялық марафондарды Қазақстан Республикасының Үкіметі 2015 жылы құрған Tech Garden брендімен əрекет ететін «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры ұйымдастырды. Қордың негізгі міндеті жер қойнауын пайдаланушылардың ҒЗТКЖ қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді орындауы үшін тетіктер құру жəне мүмкіндіктер беру болып табылады. Tech Garden өнеркəсіптік кəсіпорындарды цифрлық трансформацияда қолдау үшін экожүйе жасайды жəне цифрлық технологияларды белсенді енгізуді ынталандырады.
Естеріңізге сала кетейік, Digital Almaty жыл сайынғы форумында 2023 жылдан бастап технологиялық марафондардың қорытындысы бойынша "Tech Garden Awards" өткізіледі. Сыйлықтың мақсаты-Индустрия 4.0 элементтері бар кəсіпорындардың цифрлық дамуының табысты мысалдарын өндірістік процестерге тарату.
Асель Маккриди: вклад в вашу финансовую грамотность
Редакция MyBusiness.kz делится рекомендациями финансового консультанта
Эльдар Сарсенов: Я люблю приезжать к своим клиентам, потому что вижу для чего работаю
Председатель правления Нурбанк рассказал MyBusiness.kz о результатах своей работы
Акции вместо платьев: как я год не покупала новую одежду и стала инвестировать
История о том, как перестать покупать то, что тебе не нужно и заработать на этом
Краудфандинговая платформа iKapitalist запускает новый инструмент – облигации
Теперь инвесторы смогут покупать и продавать ценные бумаги
Нурбек Раев: У людей появилась возможность инвестировать в бизнес напрямую
Интервью с основателем первой в Казахстане лицензированной краудфандинговой платформы iKapitalist
Как сохранить и заработать деньги в период кризиса?
Рекомендации финансовых аналитиков и частных инвесторов