Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзі (үзінді)
"...Қысқа мерзім ішінде қираған дүние-мүлікті қалпына келтіру керек.
Толығымен қалыпты өмірге ораламыз.
Қаржы жүйесі мен көлік саласының, азық-түлік жеткізу ісінің еш кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет.
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тапшылығын, бағаның негізсіз көтерілуін болдырмау маңызды.
Үкімет комиссиясы өз жұмысын бастап кетті. Ол азаматтар мен бизнеске қолдау көрсетеді.
Мемлекет қаржылай көмекпен қатар, кәсіпкерлерге басқа да қолдау түрлерін ұсынады.
Атап айтқанда, несиелер бойынша пайыздық төлемдер, айыппұл мен өсімпұл белгілеу тоқтатыла тұрады..."
--
"...Еліміздің қауіпсіздігін нығайту және қауіп-қатердің алдын алу үшін шұғыл шараларды жүзеге асыру қажет.
Біз сарбаздарды, әскери техника мен қару-жарақты қажетті жерге жедел жеткізу үшін әскери-көлік авиациясы паркін толықтыру ісін қолға аламыз.
Мемлекеттік шекараны нығайтуымыз керек.
Көші-қон, соның ішінде ішкі көші-қон саласын тәртіпке келтіретін кез келді.
Қару-жарақ айналымын мұқият тексеріп, оны заң тұрғысынан реттеу қажет.
Шұғыл түрде қираған ғимараттар мен арнаулы техниканы жөндеп, бейнебақылау жүйесін іске қосып, құқық қорғау органдарының қызметін қалпына келтіру керек..."
--
"...Ең алдымен, еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыруды мықтап қолға алу қажет.
Экономикалық саясатымыздың мақсаты – айқын. Бұл – заман талабына сай әлеуметтік бағдары бар нарықтық экономика құру және дамыту.
Бұл жүйенің өзегінде қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіне білетін кәсіпкерлеріміздің ауқымды тобы тұратыны анық. Яғни, бұл – өзінің және балаларының тағдырын Қазақстанмен ғана байланыстыратын кәсіпкерлер.
Дәл осындай кәсіпкерлер ел болашағы үшін өзіне жауапкершілік алуға дайын.
Сол себепті, кәсіпкерлікті дамыту үшін жүйелі жұмыс атқару өте маңызды.
Мен бизнеске түскен бюрократиялық салмақты айтарлықтай азайтып, оның
өсіп-өркендеуіне жол ашатын заңға қол қойдым.
Үкімет осы заңның әлеуетін нақты іс жүзінде пайдалануы қажет..."
--
"...Қаржы жүйесінің тұрақтылығы ұлттық экономиканы одан әрі дамытудың кепілі екені белгілі.
Экономика өсіп, халықтың табысында алшақтық пайда болғандықтан, тұтыну несиелері айтарлықтай артты.
Оның мөлшері бизнесті несиелеу көлемінен асып кетті.
Халық қазіргі уақытта көп несие алып жатыр.
Осыны ескерсек, бұл қаржы нарығын құбылтып, әлеуметтік тұрақсыздық қаупін тудыруы мүмкін.
Үкімет жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеуді бастады.
Бірақ, бұл тығырықтан шығатын жол емес.
Ең алдымен, шектен тыс қарыздың көбеюін болдырмау қажет.
Сондықтан, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Ұлттық банкпен бірлесіп, пруденциалды реттеу тетіктері арқылы нақты әрі жедел шешім қабылдауды тапсырамын..."
Казахстанский бизнесмен, меценат, директор АО «КазАзот» Бахаридин Аблазимов внесет от своего имени и от имени сотрудников 500 млн тенге на счет фонда
Меры и инструменты на сегодняшний день для скорейшего восстановления бизнеса в Алматы
Управление креативных индустрий города Алматы и бизнес-инкубатор MOST провели двухдневный чемпионат для творческих стартапов Almaty Creathon 2021