Алматыда өнеркəсіптік цифрландыру бойынша бірден екі технологиялық марафон өтеді-Mining Day 2.0 жəне Oil & Gas Day

    поделиться
27-03-2023

 

Tech Garden Алматы қаласында өнеркəсіптік цифрландыру бойынша екі технологиялық марафон – Mining Day 2.0 жəне Oil&Gas Day өткізілетіні туралы хабарлайды. Іс-шара 29 наурызда MOST бизнес-инкубатор алаңында өтеді.

Технологиялық марафон-бұл тау-кен металлургия кешенінде, мұнай-газ секторында жəне энергетикада цифрлық трансформация мəселелерін шешу үшін 2022 жылдан бері өткізіліп келе жатқан қордың бірегей өнімі. Өнеркəсіп секторының өкілдері, жетілген АТ компаниялары, ғылыми орта, сарапшылар мен салалық медиа бір алаңға жиналып, міндеттер мен ұсынылған шешімдерді талқылап, білім мен тəжірибе алмасады.

Mining Day 2.0 жəне Oil&Gas Day марафондарына арналған тапсырмалар Smart Industry Management Platform (SIMP) платформасында қол жетімді. Бұл көмірсутек шикізаты мен қатты пайдалы қазбаларды өндіру жəне қайта өңдеу саласындағы ірі жер қойнауын пайдаланушы кəсіпорындардан жалпы сомасы 800 миллион теңгеге шешілуі қажет төрт міндет. Марафонға өнеркəсіптік кəсіпорындарда цифрлық технологияларды енгізу тəжірибесі бар IT-компаниялар қатыса алады. Өтінімді https://simp.gov.kz/ru/store/marathon сайтында беруге болады.

Келесі міндеттерді шешу бойынша технологиялық марафонға өтінімдерді қабылдау ашылды:

  1. Mining Day 2.0: құрғақ əдістермен темір кені концентраттарын өндіру технологиясын əзірлеу.
  2. Mining Day 2.0: көмір кен орнын цифрландырудың кешенді шешімін əзірлеу.
  3. Oil & Gas Day: гидродинамикалық модельдерді өзектендіру жəне өндірілуі қиын қорлардың мұнай шығымдылығын арттыру əдістерін одан əрі масштабтау үшін кен орнында цифрлық модельді енгізу.
  4. Oil & Gas Day: гидродинамикалық модельдерді өзектендіру, трассерлік жəне геохимиялық (мұнайды фингер принтинг) зерттеу əдістерімен тау жыныстары-коллекторлар мен флюидупорлардың ФЕЗ-ін зерттеу, кен орнының цифрлық моделін енгізу.

Марафонның мақсаты - өнеркəсіпті цифрландыру бойынша озық отандық əзірлемелерді көрсету (Индустрия 4.0). Оның ішінде, марафон барысында қосымша қажеттіліктер анықталады, бұл тапсырманы неғұрлым тиімді жəне фокустық пысықтау мүмкіндігін едəуір арттырады.

 

Технологиялық марафондарды Қазақстан Республикасының Үкіметі 2015 жылы құрған Tech Garden брендімен əрекет ететін «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры ұйымдастырды. Қордың негізгі міндеті жер қойнауын пайдаланушылардың ҒЗТКЖ қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді орындауы үшін тетіктер құру жəне мүмкіндіктер беру болып табылады. Tech Garden өнеркəсіптік кəсіпорындарды цифрлық трансформацияда қолдау үшін экожүйе жасайды жəне цифрлық технологияларды белсенді енгізуді ынталандырады.

Естеріңізге сала кетейік, Digital Almaty жыл сайынғы форумында 2023 жылдан бастап технологиялық марафондардың қорытындысы бойынша "Tech Garden Awards" өткізіледі. Сыйлықтың мақсаты-Индустрия 4.0 элементтері бар кəсіпорындардың цифрлық дамуының табысты мысалдарын өндірістік процестерге тарату.

КОММЕНТАРИИ
0
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Как убирают и сортируют мусор в городе-миллионнике
23-02-2023– admin

На территории нескольких жилых комплексов самого крупного города Казахстана началось внедрение системы раздельного сбора мусора. Успех кампании зависит не только от мусоровывозящих организаций, экологической культуры и высокого сознания населения. Практика показала, что не хватает специалистов в компаниях по вывозу и переработке мусора, а также недостаточно специальных контейнеров для сортировки отходов по фракциям

Подписаться на рассылку
Подписывайтесь на рассылку свежих материалов от нашего сайта и будьте знакомы с интересными людьми нашей страны, а также полезными рекомендациями и лайфхаками!