Жүк айналымы бойынша әлемдік көшбасшы ұйым Қазақстанға көлік-логистика жобаларын дамытуға жәрдемдеспек

    поделиться
12-04-2023

 

Алматы облысында шетел қоймалары бар логистикалық парк пен құрлық порты іске қосылуы мүмкін. Бұл тек логистикалық сектордың ғана емес, өңір бизнесінің де дамуына септігін тигізеді.

Бүгінде аталмыш жобаны жүк тасымалы бойынша әлемдегі №1 порт – Шаньдун порт корпорациясы (SPG) ұсынып отыр, оның делегациясы қазір Қазақстан инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің (ҚИЫА) шақыртуымен Алматыға келді. Бұған дейін тараптар бизнес конференция аясында SPG өкілдігін ашу туралы келісімге келген еді.

«Бізде ел мен өңірлер арасындағы өзара ынтымақтастықтың үлкен әлеуеті бар. Батыста бүкіл әлемді порттар байланыстырады дейді. Біз теңіз порттарынан бөлек, құрлық порттары да өте маңызды рөл атқаратынын айтқымыз келеді. Елдеріміз арасында барынша қолайлы логистикалық дәліз жасасақ дейміз. Біздің топ логистика және сауда саласында жергілікті қазақстандық кәсіпорындармен ынтымақтастықты тереңдетуге бар күш-жігерін салуда. Мақсаттарымыз ортақ болса, міндетті түрде тығыз өзара ынтымақтастықты ілгерілетіп, Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасқа үлес қоса алатынымызға сенімдіміз», - дейді SPG бас директоры Ли Фэнли.

Қазақстанның экономикалық саясаты аясында байланыстың, жүктерді жеткізудің жаңа баламалы бағыттарын енгізу және транзиттік тасымалды ұлғайту үшін бондтық қоймаларының үлгісін әзірлеу жоспарлануда. Осылайша, SPG-мен ынтымақтастық құжатта көрсетілген міндеттерді жүзеге асырудың қосымша құралына айналмақ.

Өз кезегінде конференцияға қатысушылар Еуропа мен Ресей Федерациясынан Оңтүстік-Шығыс Азияға электромобильдер транзитін іске қосып, сондай-ақ SPG порттары арқылы қазақстандық астықты экспорттауды қарастыруда.

Қазақстан инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің жетекшісі Айдын Байеділов Шаньдун порт корпорациясының басшылығы мен Қазақстанның мемлекеттік органдары, ұлттық тасымалдаушыларының өкілдерімен нәтижелі келіссөздер ұйымдастыру және оны жүргізу мүмкін болғанын сөз етті.

«SPG серіктесіміз ретінде ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін бар күш-жігерін салатынына сенемін және біз өз тарапымыздан бар жағдайды жасаймыз. Әлемдегі №1 порт тобынан smart инвестициялар күтеміз. Логистикалық тасымалдаудың тиімділігін арттыру үшін қытайлық және қазақстандық тараптардың инфрақұрылымы мен мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызын атап өткен жөн. Жүк 3 ай бойы қозғалыссыз тұрмауы және вагондар жартылай бос жүрмеуі керек. Бұл тақырыптың қазақстандық кәсіпкерлер үшін, әсіресе алматылық бизнес өкілдері үшін өте маңызы зор. Жергілікті бизнес әлемдік нарыққа, бірінші кезекте Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея нарықтарына экспорттау мүмкіндігіне ие болады. Ертең порт инфрақұрылымымен танысу үшін Маңғыстау облысына баруды жоспарлап отырмыз», - деді А.Байеділов.


Анықтама үшін:

Бүгінде Қытай – сауда саласындағы негізгі экономикалық және саяси серіктестердің бірі. 2022 жылы елдер арасындағы тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 34,1%-ға артып, 24,1 млрд долларға жетті. Елдің жалпы тауар айналымында Қытайға отандық тауарлар экспортының үлесі 15%-ға жетті.

SPG жайлы қосымша ақпарат

Shandong Port Group Co,. Ltd - Шаньдун провинциясының үкіметі құрған мемлекеттік кәсіпорын. Топтың құрамына Qingdao Port Group (әлемдегі үздік бестікте), Rizhao Port Group (Қытайдағы үздік ондықта), Yantai Port Group және Bohai Bay Port Group, сондай-ақ қор нарығында тізімделген компаниялар, атап айтсақ, Qingdao Port Co,. Ltd. (601298.SH, 06198.HK), Rizhao Port Co,. Ltd. (600017.SH) және Rizhao Port Jurong Co,. Ltd. (6117.HK) кіреді.

Компаниялар тобы бизнестің 12 сегментінде жұмыс істейді: кеме қатынасы, сауда, логистика, ғылыми-технологиялық өнертабыстар, жабдық өндірісі, шетелдік даму, инвестициялық басқару, порт құрылысы, қалалық және өнеркәсіптік интеграция, круиз, мәдениет және туризм, кәсіптік білім беру және денсаулық сақтау. Осы уақытқа дейін топ алдыңғы шеп ретінде Qingdao Port-ты, екі шеткі қаптал ретінде Rizhao Port және Yantai Port-ты және әртүрлі бизнес секторлары мен көптеген ішкі порттарды қолдау ретінде Bohai Bay Port-ты құру арқылы интеграцияланған және үйлестірілген даму үлгісін жасай алды. 21 ірі порт аймағы, 360-тан астам өндірістік айлақтары және 320-дан астам контейнерлік тасымалдау маршруттарына иелік етеді. 2022 жылы SPG жүк айналымы 1,62 миллиард тоннадан асып, контейнер көлемі 37,29 миллион TEU-ден асып, әлем бойынша бірінші және үшінші орынға табан тіреді

КОММЕНТАРИИ
0
Подписаться на рассылку
Подписывайтесь на рассылку свежих материалов от нашего сайта и будьте знакомы с интересными людьми нашей страны, а также полезными рекомендациями и лайфхаками!