Ready4Trade ШОК экспорттық әлеуетін кеңейтеді

    поделиться
18-03-2022

 

Қазақстанның 40-тан астам кәсіпорны шетелге экспорттау бойынша құралдар мен білімге ие болды. Бұл Еуропалық Одақ қаржыландыратын Ready4Trade Орталық Азия жобасының аясында өткізілген 5 күндік коуч-сессиялардың нәтижесі болды. Жобаны іске асыратын агенттік Халықаралық сауда орталығы (ХСО) өңірлік іс-шарада Экспортты басқаруды оқыту жөніндегі бастаманың (EMCI) аяқталуын ұсыну үшін қорытынды іс-шара ұйымдастырды.

EMCI бизнес иелеріне экспорттық операцияларды басқаруда туындайтын күнделікті мәселелерді шешуге көмектеседі. Бастама бенефициарлардың аумағында жүргізілетін өндірістен қол үзбей жеке оқытудан тұрады. Жалпы, Орталық Азияның барлық бес еліндегі 212 кәсіпорын бастама аясында берілген құралдарды, білім мен техникалық көмекті пайдаланды. АҚ «QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы» және Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі жобаның Қазақстандағы ұлттық серіктестері болып табылады.

ХСО-ның саудаға жәрдемдесу жөніндегі кеңесшісі Огюстен Баре мырза өткен жылы EMCI бастамасын үйлестіруді басқарған.

«COVID-19 пандемиясының Орталық Азия экономикасына әсері терең болды және оның алдағы жылдары одан әрі дамуы мен әртараптандырылуына ауыр зардаптар әкеледі. Қалпына келтіру өңірдегі жаһандық әлеуметтік-экономикалық ландшафттың негізі болып қала беретінін ескере отырып, ШОК күші мен тұрақтылығына негізделеді», — деді ол.

«Осы тұрғыда Ready4Trade жобасы шеңберінде экспортты басқаруды оқыту бойынша бастама ең маңызды уақытқа сәйкес келді. Бұл бастама өңірдегі экспорттаушылардың саудадағы кейбір негізгі кедергілерін жоюға ықпал етті және экспортты басқару туралы жалпы білімдерін жақсартты», - деп қосты ол.

Өңірлік іс-шарада 2021 жыл ішінде іске асырылған коучингтік миссияларды өткізуден алынған сабақтар көрсетілді. Сондай-ақ, қатысушылар көрмеде ұсынылған бенефициарлардың тауарларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Іс-шараға қатысушылар EMCI-ді өңірге бейімдеу және болашақта жобаның тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша өз бақылаулары мен ұсыныстарымен бөлісті.

2021 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 60,3 миллиард доллардан асты. Тауарлардың басым бөлігін Қазақстан Еуропаға экспорттады - 25,2 млрд доллар, бұл экспорттың жалпы көлемінің 41,8% - ын құрайды.[1]

Ready4Trade Орталық Азия Орталық Азияның бес елінде өңірішілік және халықаралық сауданы дамытуды қолдауға бағытталған. 4 жылдық бастама ЕО қаржыландыратын ірі бағдарламаның сауда компоненті болып табылады, ол инвестицияларды, бәсекеге қабілеттілікті және сауданы қолдауға бағытталған, осылайша өңірдегі тұрақты және инклюзивті экономикалық дамуға ықпал етеді. Ready4Trade жобасын Еуропалық Одақ қаржыландырады және Халықаралық сауда орталығы іске асырады.

 

ХСО туралы БАҚ сұраныстарын Қазақстандағы ХСО ұлттық кеңсесіне жолдау керек:

Мадина Исказина, Байланыс және PR бойынша консультант

E-mail: miskazina@intracen.org


[1] Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша

КОММЕНТАРИИ
0
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Открылся Центр развития женского предпринимательства
15-03-2022–

15 марта в г. Нур-Султане состоялось торжественное открытие Центра развития женского предпринимательства (ЦРЖП)

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды
15-03-2022–

15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының (АӨҚО) салтанатты ашылуы өтті

Елордада кәсіпкер әйелдердің үлесі артып келеді
03-03-2022–

Елорда бизнесінің 47%-ын әйелдер басқарады

Дамы у руля
03-03-2022–

Столичным бизнесом на 47% руководят женщины

Победы паралимпийцев вдохновили на создание песни
25-02-2022–

Национальная паралимпийская сборная команда вылетает на XIII Зимние Паралимпийские игры Пекин-2022

Подписаться на рассылку
Подписывайтесь на рассылку свежих материалов от нашего сайта и будьте знакомы с интересными людьми нашей страны, а также полезными рекомендациями и лайфхаками!