Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды

15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының (АӨҚО) салтанатты ашылуы өтті

    поделиться
15-03-2022

 

Фото: «Pexels»

Аталған жоба 2021 жылы "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасында жасалған Келісім шеңберінде әзірленді.

Мұндай орталықтарды құрудың негізгі алғышарты Қазақстан Республикасының отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы болып табылады.

Жобаны іске асыру үшін 2021 жылғы 3 наурызда ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия және «Атамекен» ҚР ҰКП арасында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша әріптестік пен ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойылды.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы - бұл әйелдерді қаржылық емес қолдауға арналған алаң, онда олар стартаптарды ынталандыру, жұмыс істеп тұрған бизнестің экономикалық белсенділігін арттыру, сондай-ақ оқыту бағдарламалары мен іс-шараларға қатысу үшін бірқатар қызметтер ала алады.

Сонымен қатар, Орталық қолдау шараларының түрлеріне, оның ішінде оқытуға деген қажеттілікті зерделейді, сондай-ақ әйелдер бизнесінің дамуына кедергі келтіретін проблемаларды анықтайды.

Әйелдер бизнесін дамытуға қызығушылық танытқан барлық азаматтарды Жамбыл облысы Кәсіпкерлер Палатасының Тараз қаласы, Төле би даңғылы 93А, "Арай плаза" бизнес-орталығы, 2-қабат мекенжайында ашылған біздің орталыққа кеңес алуға шақырамыз.

КОММЕНТАРИИ
0
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Елордада кәсіпкер әйелдердің үлесі артып келеді
03-03-2022–

Елорда бизнесінің 47%-ын әйелдер басқарады

Дамы у руля
03-03-2022–

Столичным бизнесом на 47% руководят женщины

Победы паралимпийцев вдохновили на создание песни
25-02-2022–

Национальная паралимпийская сборная команда вылетает на XIII Зимние Паралимпийские игры Пекин-2022

Кто поедет в Монте-Карло?

Или кто стал предпринимателем года в Казахстане по версии EY

Что делать малому и микробизнесу?

Мнение малого и микробизнеса должно быть услышано 

В Кыргызстане состоится тренинг по дата-сторителлингу
12-02-2022–

Тренинг раскроет темы о построении гипотезы и написания историй на основе данных

Подписаться на рассылку
Подписывайтесь на рассылку свежих материалов от нашего сайта и будьте знакомы с интересными людьми нашей страны, а также полезными рекомендациями и лайфхаками!