Квота бойынша сауда жасау

Нұр-Сұлтанда халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін «1000 сауда орны» жобасын қайта бастау мүмкіндігі қарастырылуда

    поделиться
13-04-2022

 

Фото: Pexels

Елордада осы мәселе бойынша Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы, «Астана» ӘКК, елорда әкімдігі өкілдерінің қатысуымен бірінші жұмыс тобының отырысы өтті.

«Жобаны қайта бастау үшін бірінші кезекте регламентті қайта қарап, ашықтықты қамтамасыз ету үшін өтінім берілген сәттен бастап жер учаскесін беруге дейінгі бүкіл процесті цифрландыру қажет. Комиссия құрамына осы мақсатта жұртшылық, қадағалау органдары, БАҚ өкілдерін қосу керек. Жалпы, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары қатарындағы кәсіпкерлер тарапынан сұраныс бар», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Бейсен Жолболдиев.

 

Естеріңізге сала кетейік, «Көше саудасы – 1000 орын» жобасы Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасымен 2018 жылы көше саудасы саласындағы қызметтердің сапасын реттеу және жақсарту, қажетті стандарттарды сақтай отырып, қалалық стационарлық емес сауда объектілерінде сауда құқығын берудің ашық, қарапайым механизмін құру мақсатында қолға алынған. Бағдарлама әлеуметтік бағытта және елордада шағын, оның ішінде жаңа басталған бизнесті дамытуға арналған.

 

2019 жылғы тамызда бағдарлама пысықталып, Кәсіпкерлер палатасының бастамасы бойынша халықтың әлеуметтік жағынан осал санатына жататын кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Қағидаларға квота бойынша жер учаскелерін бөлу тәртібін регламенттейтін бөлім пилоттық түрде енгізілді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен жыл сайын осы санат үшін 30 орын бөлу және оларды аукцион әдісімен емес, комиссиялық түрде бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

Аталған бағдарламаның операторы «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (бұдан әрі – «Astana» ӘКК» АҚ) белгіленгенін атап өткен жөн.

Бұрынғы регламентке сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына мыналар жатады:

1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлері;

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлеріне теңестірілген адамдар;

3) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;

4) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

5) кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 

6) «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I, II және III дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;

7) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

8) аз қамтылған отбасылар қатарындағы толық емес отбасылар;

9) көпбалалы жалғыз басты аналар.

https://atameken.kz/ru/news/47003-torgovlya-po-kvote

Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі 

+7 (7172) 91 90 89, 8-775-813-21-26, a.yelyubayeva@atameken.kz

 

 

КОММЕНТАРИИ
0
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Торговля по квоте
13-04-2022–

В Нур-Султане рассматривают возможность возобновления проекта «1000 торговых мест» для социально уязвимых слоев населения

«АТАМЕКЕН»: комитет госдоходов приготовил для бизнеса неприятный «сюрприз»
12-04-2022–

Министр финансов, приказом от 28 марта 2022 года, утвердил новые Правила возврата НДС

Қаржы технологиялары әлемді қалай инклюзивті ете алады
11-04-2022–

Қол жетімділік пен кемсітушілік ресми қаржы жүйесінің құрылғаннан бергі негізгі тақырыптары болды

Как финтех может сделать мир более инклюзивным
11-04-2022–

Доступность и дискриминация были ключевыми темами формальной финансовой системы с момента ее создания

Мероприятие для книголюбов
04-04-2022–

В апреле состоится книжная выставка-ярмарка в столице Казахстана

Подписаться на рассылку
Подписывайтесь на рассылку свежих материалов от нашего сайта и будьте знакомы с интересными людьми нашей страны, а также полезными рекомендациями и лайфхаками!