ШОБ қолдау аясында экспорттық акселерация мен маркетплейстерге шығуды бастайды
25 қаңтарда қазақстандық экспорттаушылар үшін екі бағдарламаға іріктеу басталады: «Экспорттық акселерация-2022» және компанияларды Alibaba.com. бағдарламасына шығару
Аталған бағдарламалардың операторы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің «QazTrade» АҚ болып табылады.
«ЭКСПОРТТЫҚ АКСЕЛЕРАЦИЯ-2022» - компанияны толық сүйемелдеуді (оқыту, диагностика, экспорттық стратегияны әзірлеу, маркетингтік ілгерілету, компанияның көрмелерге қатысуын қамтамасыз ету), сондай-ақ сенімді сатып алушыны іздеуді және экспорттық келісімшарт жасасуды көздейтін практикаға бағытталған бағдарлама.
Биыл «ЭКСПОРТТЫҚ АКСЕЛЕРАЦИЯ-2022» бағдарламасына қатысу үшін машина жасау, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ қызмет көрсетушілер сияқты салаларда 190 кәсіпорын іріктелетін болады.
Бағдарлама шеңберінде қазақстандық өнімді нақты ілгерілету үшін Ресей Федерациясы, Украина және Әзірбайжан, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы және Өзбекстан Республикасы нысаналы нарықтар болып айқындалды.
Бағдарламаға бизнестің қатысуы тегін.
Бағдарлама 2020 жылы іске қосылған сәттен бастап қатысушы компаниялар шамамен 150 млн. АҚШ долл. сомасына экспорттық келісімшарттар жасасты. Бұл отандық өнімді РФ, Қытай және Орталық Азия елдерінің нарықтарына жеткізуге арналған ұзақ мерзімді келісімшарттар.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БИЗНЕСТУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ Alibaba.com МАРКЕТПЛЕЙСКЕ шығару
Ағымдағы жылы Alibaba.com шығару үшін шикізаттық емес өнімнің 70 қазақстандық жеткізушісі іріктеліп алынады.
Бүгінде халықаралық серіктестер платформасында 4000 отандық тауар қолжетімді. Мәселен, қазақстандық бал БАӘ, АҚШ, Кипр, ҚХР, Өзбекстанға жөнелтілді. Арқылы көмір сүзгілерін бастаушы өндіруші Alibaba.com арқылы өз сатып алушыларын Өзбекстан, Қырғызстан және Македониядан тапты.
Бағдарламаны іске қосу аясында 25 қаңтарда QazTrade барлық ниет білдірушілер үшін таныстыру вебинарын өткізеді, онда Бағдарламаларға қатысу шарттары туралы айтып береді.
Вебинарға тіркелу үшін мына сілтеме бойынша сауалнаманы толтыру қажет:
Экспорттаушыларды Alibaba.com шығару жөніндегі бағдарлама басталған сәттен бастап (2019 жылдан бастап) Алтын шоттардың иелері 120 млн. АҚШ долл. сомасына экспорттық келісімшарттар жасасты..
Бағдарламалармен толығырақ мынасілтемелер бойынша танысуға болады:
Экспорттық Акселерация Бағдарламасы-2022:
Қазақстандық компанияларды Alibaba.com шығару бағдарламасы
QazTrade шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық институт бола отырып, отандық экспортқа бағдарланған кәсіпорындар үшін мынадай қолдау көрсетеді:
-сыртқы нарықтарға шығу мәселелері бойынша консультациялық-талдамалық қолдау;
- халықаралық электрондық алаңдарға шығару;
- экспорттық акселерация бағдарламасы;
- сервистік қолдау (сауда-экономикалық миссияларға, халықаралық көрмелерге қатысу);
- қазақстандық өнімді сыртқы нарықтарға жылжыту және жеткізу бойынша шығындарды өтеу.
25 января начинается отбор на две программы для казахстанских экспортеров: «Экспортная акселерация-2022» и по выводу компаний на Alibaba.com.
Расчет налогового вычета ИПН при зарплате менее и более 25 МРП
Ұлттық палата механизм бекітілгеннен кейін бизнес шығыны қалай өтелетінін түсіндірді
НПП разъяснила как будут возмещаться убытки бизнеса от государства после утверждения механизма
Выступление Главы государства К.К. Токаева на заседании Мажилиса Парламента Республики Казахстан (отрывки)