«Атакент» қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығында NFA Expo-2025 тұтыну тауарларының 4-ші халықаралық көрмесі салтанатты түрде өтті.
Іс-шара Орталық Азия өндірушілері, бөлшек саудасы мен маркетплейстері үшін жылдың басты оқиғасы болды.
Үш күн ішінде өңірдің басты алаңы 9 елден, соның ішінде Қазақстан, Қытай, Италия, Түркия, Ресей, Беларусь, Украина, Латвия және Өзбекстанөндірушілерінен 127 компанияны біріктіріп, қатысушыларға халықаралық нарықтарға шығужәне жаңа келісімшарттар жасасу үшін бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктерді қамтамасыз етті.
Көрме кәсіби қоғамдастықтың үлкен қызығушылығын тудырды, оған үш күн ішінде 5 мыңға жуық адам қатысты. Қарқынды іскерлік бағдарлама аясында 300-ден астам B2B кездесулері және демонстрация аймағында 3 презентация өткізілді. Бұл жаңа сатып алушылар мен дистрибьюторларды табудың тиімді құралы болды.
Көрме директоры Жанар Әбіловаэкспозицияның ауқымы мен жаңалығын атап өтті:
Биылғы жылы NFA Expo тауарлардың кең спектрі ұсынылған, олардың қатарында үйге арналған шешімдер, заманауи ас үй ыдыстары, тұрмыстық техника, косметика және парфюмерия, тазалауға арналған өнімдер, балалар тауарлары, интерьер шешімдері, мерекелік өнімдер, демалыс және саяжай тауарлары.
Көрменің жаңа бағыты Retail Tech бөлімі. Ондақатысушылар бөлшек саудаға арналған IT-сервистерді, технологиялық жабдықтарды және цифрлық құралдарды көрсетті.
Биылғы жылы меншікті сауда маркаларын (МСМ) дамытуға ерекше назар аударылды. Қатысушылардың жартысынан көбі бөлшек саудагерлерге private label өндіріс келісімшарттарын ұсынады. NielsenIQ мәліметтері бойынша, соңғы үш жылда Қазақстанда азық-түлік емес тауарлардағы МСМ үлесі екі есеге жуық өсті. Сатып алушылардың 60% - дан астамы айына кемінде бір рет болса да меншікті сауда маркаларын таңдайды.
Стендтерде микробқа қарсы термопластиктерден жасалған кәсіби кесу тақталарынан бастап аюрведиялық өнімдер мен көркем шыны коллекцияларына дейінгі әлемдік жаңалықтар ұсынылды.
Көрмеге қатысушылардың пайымдауынша, дәл осы алаңда Орталық Азия нарығына шығу үшін алғашқы экспорттық келісімшарттар жасасуға болады.
Үш күн ішінде NFA Expo-2025 өндірушілердің, сатып алушылардың және халықаралық сауда желілерінңғ басын біріктірді. Көрме бөлшек сауда және тұрмыстық тауарлар индустриясын дамыту үшін аймақтың ең ірі платформасына айналды.
NFA Expo-2025 жетістігі сала үшін негізгі оқиғаның жалғасуына кепілдік береді: келесі жылы көрме 25-27 қараша аралығында өтеді.
Алматыда NFA EXPO-2025 тұтыну тауарларының 4-ші халықаралық көрмесі ашылды.